{metadescription}
Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар жаппай астан ұшынды
Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар жаппай астан ұшынды

Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар жаппай астан ұшынды

23 оқушысы дереу ауруханаға жатқызылғанымен, дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай отыр. Өйткені мектеп асханасынан тек оқушылар емес, мұғалімдер де тамақтанады екен. Ал, ересектердің ешқайсысы ауырмаған. СЭС мамандары да азық-түлік пен судан сынама алып, 700-ге тарта адамды тексеріп шығыпты.

Астан ұшынған алғашқы 7 оқушы қалалық инфекциялық ауруханаға өткен аптада жеткізілген болатын. Ал араға екі күн салып уланғандар саны бірден 23 адамға жетті. Барлығы да Назарбаев зияткерлік мектебінің 5 пен 7-ші сынып оқушылары. Қазір жағдайлары қалыпты дейді дәрігерлер. Бірқатары бүгін үйлеріне де жіберілген. Алайда мамандар науқастарға әлі нақты диагноз қоя алмай отыр. Өйткені сараптама нәтижесі дайын емес. 

Бауыржан Сауранбаев, Өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

-Өткен бейсенбіден бастап бізге 23 бала түсті. 10-ы үйіне жіберіліп, қазір 13 науқас ем қабылдап жатыр. Біреуінің дене қызуы түспей тұр. Қалғандары қалыпты жағдайда. Барлығынан сынама алынды. Оқушылар жатақханада тұратындықтан, толық емделмейінше шығара алмаймыз.   

Назарбаев зияткерлік мектебінің басшылығы бар кілтипан асханадан шығуы мүмкін дейді. Сондықтан білім ошағындағы тамақтанатын жер уақытша жабылған. Ал ұстаздар қауымы тек қана оқушылардың уланғанын әлі де түсіне алар емес. Өйткені мектептегі асханадан мұғалімдер де тамақтанады екен. Бірақ олардың ешқайсысы ауырмаған.

Дәуірхан Пірмағамбет, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

-Тамақ берумен  аутсорсинг компания айналысады. Біздің жұмысымыз ол жұмысты қадағалау. Тамақтың сапасы, дайындау, алу, ол жұмысты компания жасайды. Сондықтан оған жауап беретін аутсорсинг компания. 

Осы жағдайдан кейін мектепте санитарлық тексеріс жүріп жатыр. СЭС мамандары асханадағы азық-түлік пен судан сынама алып, 700-ге тарта адамды тексерген. Ал тәртіп сақшылары оқушылардың жаппай улану оқиғасы бойынша тергеуді бастады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде