{metadescription}
Астана маңындағы Бозайғыр ауылының жұрты жаппай ұшынудан кейін суды сатып алып ішуге мәжбүр
Астана маңындағы Бозайғыр ауылының жұрты жаппай ұшынудан кейін суды сатып алып ішуге мәжбүр

Астана маңындағы Бозайғыр ауылының жұрты жаппай ұшынудан кейін суды сатып алып ішуге мәжбүр

Астана маңында бүтіндей бір ауылдың 150-ге жуық тұрғыны сапасыз ауызсудан жаппай ұшынып қалды. Ауыз судан дәм татқандардың іші өтіп, жүректері айнып ауруханадан бір-ақ шыққан. Эпидемияның алдында тұрған Бозайғырдың балабақшалары түгел жабық, мектепке су көрші ауылдан жеткізіліп жатыр. Тіршілік нәрінің неден бүлінгенін жергілікті билік әлі анықтай алмапты.

Сапасыз судан зардап шеккендердің бірі - Сидуновтар отбасы. Әулеттің отағасы қалада әлі күнге ем қабылдап жатыр. Енді ауыз суды дүкеннен шөлмекпен сатып алып ішуге мәжбүр.

Батыр Сайлау, Бозайғыр ауылының тұрғыны:

-Үш балам бар, үшеуі де ауырды. Басында білмедік, ескертпеді. Қазір қаладан су тасып ішіп отырмыз.

Бозайғыр ауылы қазір орталықтандырылған судан толық ажыратылған. Сондықтан екі мың тұрғын су таситын жалғыз екі көлікке қарап отыруға мәжбүр. Ол көліктен су алып үлгермесең, суды сатып ішесің немесе күн ұзаққа сусыз отыруға тура келеді.

Су таситын көліктің қай уақытта келіп, қай уақытта кететіні де белгісіз. Суы жоқ Бозайғырдың әкімі Гүлнар Омарова халықтың қамын өзінен сұра деп, тілшілерге жолай қоймады. Қолы тимеген әкімнің орнына сөйлеуге ауданнан әріптесі келді.

Алпысбай Қайыржанов, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары:

-Қар суы жүріп, құдықтарға аққан. Оған үйді-үйдегі сэптиктің кәріз суы да араласты. Лас судың ауыз суға түскен 5 ошағын тауып, бекіттік. Қазір хлормен тазартып жатырмыз.

Орталық құдыққа барып құйылған қар суын көріп, жаға ұстадық. Жол бойымен сырғып ағатын сарқыншақ су мына тау қоқысты жуып, жол бойында жатқан өлекселерді де шая өтеді екен. Былықтың барлығы ауылдықтардың асына араласқан.

Сәуле Мұхамеджанова, Бозайғыр ауылының тұрғыны:

-Судың сапасы нашар. Краннан алдың не, мына шалшықтың суы не, айырмашылық жоқ. Қылшық-қоқыс жүзіп жүреді. Соңғы екі күнде аққан су таза күйінде хлор. Ішпек түгілі, иісіне шыдамайсың.

Лас су, тау қоқысқа қамалған халықтың түйткілдерін сөксең, төгілейін деп тұр. Су керек, жол керек. 150 адамды улаған ауызсу мәселесінің қашан шешілетіні белгісіз. Нақты күнді атап, ашынған халыққа басу айтар әкім тағы жоқ. Қортындыны енді судың сынамасын алған СЭС мамандары айтпақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде