Медеу шатқалы бүгін төрт мыңнан астам жас көшетпен толықты
Еліміздегі ағаш отырғызу күні аясында өткен шараға студенттер мен қала тұрғындары атсалысты.
Автор: Асыл Әділханұлы
25.04.2017
5 жыл бұрынғы дүлей дауыл кезінде жайпалған жасыл желектің орны осылайша толтырылып жатыр. Жалпы, бұл маңға жас шыршаларды егу 3-4 жылдан бері дәстүрге айналған. Ал жоғары оқу орындарының студенттері үшін ағаш отырғызу нағыз мереке. Олар таза ауада демалып қана қоймай, табиғатты көркейтуге үлестерін қосты. Және өздері еккен шыбықтарға белгі қойып, оның күтіміне үнемі атсалысып тұратындары да аз емес.
Дамир Малгелдиев, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің директоры:
-75 пайызға өседі. Ауа райына байланысты. Тау болғанынан кейін суғару қиын. Бірақ шөптеу-түптеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!