{metadescription}
Алматыда жалақы көрмеген жұмысшылар басшыларының алдап соққанына өкініп отыр
Алматыда жалақы көрмеген жұмысшылар басшыларының алдап соққанына өкініп отыр

Алматыда жалақы көрмеген жұмысшылар басшыларының алдап соққанына өкініп отыр

Алматыда көпір салушылар алты ай бойы жалақы алмаған. Құрғақ уәдемен тойдырып келе жатқан компания - жұмысшыларына былтырдан бері қарыз. Республикалық маңыздағы күре жолдардың көпірлерін салатындар бұған наразылық білдіріп, жұмысын да тоқтатқан. Ал басшылық мәселенің бәрін тапсырыс берушілерге аударып әлек.

Айдалада апталап, айлап жатып көпір салатын мына кісілер бүгін әдеттегі тірлігінен айнып, барлығы Алматы көпір құрылысы зауытының алдына жиылған. Барлығының базынасы бір. «Алматы көпір құрылысы зауыты сервис» команиясында жалақының жыр боп жатқаны бірінші рет емес. Жұмысшылар бұған осыған дейін онша мән бермей келіпті. Олар түк бермей қоған соң ғана бас көтеріп отыр.

Армедин Абитов, көлік жүргізушісі:

- Бұлардың сөзі бойынша, бас мердігер ақшаны аудармай жатыр екен. Енді оған қатысымыз  жоқ қой.  Жұмысымызды істедік, ақшамызды төлесін.

Алматы-Қапшағай тас жолындағы мына көпірді де аталған серіктестіктің жұмысшылары салған. Жалпы, көпір құрылыстарының барлығы осындай елсізде орналасқан. Құрылысшылардың осылай үйінен жырақта жүріп жүріп табатыны 70 мыңның теңгенің айналасында екен. Басшы-қосшылар сол ақшаны да жарытпай зар илетіп қойыпты. Айтуларынша, бар айып – ақшаны кешіктіріп отырған бас мердігерлерде.

Ерік Қожабеков, «Алматы көпір құрылысы зауыты сервис» ЖШС директоры:

-Құдай қаласа бүгін 22 миллион түсу керек, қазанның жалақысын жабамыз. Содан кейін осы жұмаға дейін қалған екі айын жабамыз, қараша мен желтоқсанда.  .

Компания басшысының айтуынша, оларға 4 бірдей мердігер қарыз екен. Соңғы рет осы аптаның аяғына дейін мүмкіндік алыпты. Енді ақша болмаса, сотқа арызданбақшы. Оның өзі тағы бірнеше айға созылғалы тұр. Яғни, жұмысшылар жалақыны жақында көрмейтін сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде