{metadescription}
Алматыға кеміргіштер мен кенеден қауіп төнді
Алматыға кеміргіштер мен кенеден қауіп төнді

Алматыға кеміргіштер мен кенеден қауіп төнді

Қалада зиянкестердің көбейетін кезі таяды. Сондықтан тиісті орындар олармен белсенді күрес жүргізіп жатыр. Десе де, алдын-алу шаралары биыл ауа-райының кесірінен тым кеш басталыпты. Қазір дезинфекторлар таулы жерлер мен өзен, арық маңайларын улап жүр. Ал егеуқұйрыққа қарсы у үй-үйге тегін таратылуда. Бірақ тұрғындардың барлығы бірдей оларды қуана қарсы алып жатқан жоқ.

Алматыда наурыздан бері 184 адам кене шағып түскен. Зиянды жәндіктің көбейетін кезі жақындаған сайын, зардап шегушілердің саны да арта түсуі мүмкін. Мамандар қазір соның алдын алуға тырысып жатыр.

-Тау биігіндегі кене улы түтін арқылы жойылады. Ал жердегілерімен күресу үшін мынадай арнайы құрылғы қолданылады екен. Бұл да улы сұйықтықпен толтырылған. Ол зиянды жәндіктерге санаулы сағаттардың ішінде әсер етіп, көзін жояды.

Дегенмен, оларды толығымен жою мүмкін емес дейді мамандар. Алдын алу шарасы тек зиянкестердің санын азайтуға көмектеседі. Ал дезинфекторлардың жұмысына биылғы ауа-райы едәуір кедергі келтіріпті.

Бекболат Өтегенов, дезинфекция орталығының маманы:

-Бұл шаралар 3-ші сәуірде басталуы тиіс еді. Бірақ, ауа-райына байланысты мәжбүр болдық бастауға. Жаңбыр күні жұмыс істей алмаймыз. Құралдарымыз, жаңбырлы күнде жұмыс істеуге болмайды.

Енді мамандар таулы аймақты 10 күн өңдеп, қаладағы саябақтарға көшпек. Биыл кеміргіштермен күрес те дәл осылай кеш басталған. Қазір тышқанға қарсы у арық пен өзен маңайларына себіліп жатыр. Бұған қоса, жер үйлерге тышқан уы тегін таратылуда. Бірақ жұртты кеміргіштен қорғамақ болған мамандарды қуана қарсы алып жатқандар бірен-саран.

Тұрғындардың бірі дезинфекторларды осылай есікке телміртіп қойса, енді бірі тегін берілген удан бас тартады. Дегенмен, жұрт дәл қазір күрес жүргізіліп жатқан Наурызбай ауданында тышқанның көп екенін айтуда. Тек егеуқұйрықтарды жою үшін Алматы қаласы бойынша 86 миллион теңге бөлінген. Ал, алдын алу шарасы 1 айдан астам уақытқа созылады. Сондықтан мамандар тұрғындардың бұл жұмысқа түсіністікпен қарауын сұрап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде