Мектеп инспекторы есерсоқтан таяқ жеді
Алматыдағы білім ошақтарының бірінде болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда қолына шынжыр ұстаған мас адам әйел полицейді таяқтың астына алған.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.04.2017
Оқиға осы айда болған дейді полицейлер. Бұзақылық жасап жүрген егде жастағы азамат екен. Алдымен ол оқушылардың біріне тиісіпті. Кейін балаға араша түскен полиция қызметкерін тепкілей жөнелген. Ал, сол жердегі еңгезердей жігіттердің неге араша түспегені белгісіз. Бұл азамат осыған дейін арнаулы психиатриялық стационарда қатаң бақылауда болып шыққан екен. Қазір оған қатысты билік өкіліне қарсы әрекеті үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!