{metadescription}
 Астанада мектеп салған құрылысшылар құл базардан бір-ақ шықты
 Астанада мектеп салған құрылысшылар құл базардан бір-ақ шықты

Астанада мектеп салған құрылысшылар құл базардан бір-ақ шықты

Әкімдіктің тапсырысымен екі бірдей білім ордасын тұрғызған 50-ден  астам адам бір жылдан бері жалақыларын ала алмай шырылдап жүр. Астанаға табыс табамыз деп келіп, сандалып қалған ер-азаматтар енді амалсыз Елордадағы құл базарды жағалауға мәжбүр.

Астанаға жақсы өмір іздеп аймақтардан көшіп келген бұл азаматтарды құлға айналдырған «Дорожник» компаниясының басшысы екен. Құрылыс мекемесі 1 жылдан бері олардың еңбекақысын төлемей зар қақсатуда. Жалпы, жалақысыз қалған құрылысшы, электрик, күзетшілердің  қолынан іс келеді. Бірақ, қазір барлығы жіпсіз байлаулы. Компания ақшадан бөлек, еңбек кітапшаларын да бермей қойғандықтан басқа мекеме жұмысқа қабылдамайды. 

Аман Қалдыбеков, инженер:

- Қарыз деген белден асып жатыр. Машинасы барлар таксиші боп  күн көруде. Машинасы жоқтар күнде құл базарда жалданып күн көріп жатыр.

«Дорожник» компаниясы 50 жұмысшының әрқайсысына миллионнан астам теңге қарыз. Бұл дауға қатысты талай рет іс қозғалып, соттың шешімі де шыққан. Бірақ, судьяның бұйрығын сот орындаушылары жүзеге асыра алмайды жүр.

Наурызбай Жанатов, бригадир:

- Директор телефонын алмайды. Сот орындаушысы  бір қағазды да алмайды. Себебі фирманың шотын бұғаттап тастаған.  Ешқандай ақша жоқ, үйі жоқ, машинасы жоқ. Әйел-балашағасы жоқ. Қу қара басы. Бәрінен айырылған дейді.  

Елордадағы мектептің құрылысына ер-азаматтар ғана емес, әйелдер де араласқан екен. 

Ардақ Пішімбаева, жұмысшы:

-Бізге 1 миллион 400 мың бережақ.  Ең азы біздікі. Әйелдер боп сыладық. Шырылдап жүрміз.

Ашқұрсақ жүрген жұмысшылар Астананың қақ ортасындағы  №22 және мына 17-ші мектептердің  жанындағы қосалқы ғимаратты салған. Білім ордасының қасындағы 500-ден астам балаға арналған ғимарат 2016 жылы пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бірақ, құрылысы сол күйі аяқталмаған.

-Жұмысшылар жалақсыны даулап жүргенде әлі пайдалануға берілмеген ғимараттың қабырғасы шетінен құлап жатыр. Яғни, нысан бос тұрып ескіруде. Ал, құрылыс компаниясының директоры болса, ұшты-күйлі жоқ. Жұмысшылар басшыға күнде қоңырау шалғанымен, телефоны сөндірулі. Мекеменің кеңсесі де бір түнде көшіп кеткен.

Тапсырыс беруші Астана қаласының әкімдігі де жоспарды бұзған  «Дорожник» компаниясын сотқа беріпті.

Рүстем Мақышев, Астана қалалық Құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

-Алдыңғы мердігермен шарт бұзылған міндетін атқармағандықтан. Соттың шешімі бойынша ол мердігерден 500 миллион көлемінде бюджетке ақша өндірілді. 2 мектепке жалпы 1 миллиард 600 ақша бөлінген.Соның 1 миллиарды игерілді.

Қазір мектеп жанындағы қосымша нысанның құрылысын басқа мердігер компания жалғастыруда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде