{metadescription}
Астананы аралаған Назарбаев тұрғындармен не жайында  сөйлесті?
Астананы аралаған Назарбаев тұрғындармен не жайында  сөйлесті?

Астананы аралаған Назарбаев тұрғындармен не жайында сөйлесті?

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астананы аяқасты жеке өзі аралап шықты. Мұндай тосын шешім оққағарларды ғана емес, шенеуніктерді де әбден састырғаны анық. Себебі өткен жұмада президент бас шаһардың кірқожалақ көшелері мен оның көркін кетіріп тұрған құрылыс нысандарын сынап, қала әкімі Әсет Исекешовке ескерту жасаған еді. Енді сол тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын өз көзімен көрмек үшін  Елбасы көлігіне мініп, Елорданы шарлап келді. Атқамінерлерді ғана емес,тұрғындарды таңқалдырған тексеру жайлы Ербол Сейілхан.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы аралауға ескертусіз шыққан соң жол жабылған жоқ. Алдымен кортеж теміржол вокзалына соғып, кісі қарасы көп жүретін ауданға аялдады. Қаумалаған адамның ортасында емін еркін жүрген мемлекет басшысын көрген жұрт аң-таң. Президент вокзал ішіне кіріп қоймай, тіпті перронға дейін барды.

- Мен бәріңнің қолыңды ала алмаймын ғой.

-Қолыңызды алып қалайықшы, арманымыз еді.

-Осы жерге қонаққа келдіңдер ме?

-Жұмысқа кетіп барамыз вахтаға.

-Жұмыс істейсіңдер ме?

- Жұмыс істейміз! 

Вокзалдан соң Елбасы бірнеше көшенің тазалығын сүзіп шықты. Тіпті кей жерде қызметтік көлігін тоқтатып, аялдамада автобус күтіп тұрған адамдармен жолықты.

-Қолын алыңызшы!

-Бұл баланың қолын алуға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Қазір  "Экспоға" дайындалып жатырмыз. Сондықтан  қаланың ішінің тазалығын реттеуіміз керек. Қонақтарды күту үшін дайындалуымыз керек.Қонақ келгенде, дастархан жайып үй ішін жуамыз ғой. Бұл да солай.

Ал аялдамада президентті көзбе-көз көріп абдырап қалған астаналықтар қала тазалығы, көлік кептелісі, не  әкімнің жұмысына қатысты ештеңе деген жоқ. Тек алғыс жаудырумен болды.

-Жас отбасы   ретінде, мемлекеттік бағдарлама бойынша үй  кезегіне тұрып, бір жарым жылда үй алдық.  Өте қуаныштымыз, екі балалы болдық. Рақмет, сізге! 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Мен сенің жасында 10 жыл кезекке тұрып үй алғам. Бәріне бере салатын жағдай жоқ. Жұмысқа тұрып, кезекке тұрып үй алу керек. Несие де беріп жатырмыз. Алдымен төлейсің, кейін ептеп-ептеп өздеріңдікі болып кетеді.  Шыдаған адам  бәріне жетеді, сендер де  жетесіңдер

-Әумин, айтқаныңыз келсін!

Осылайша президент бүгін оққағарларын әбден састырды. Себебі кортежді қайта-қайта тоқтатып, көше бойында  жұртпен тілдесе кетті.

-Түсініксіз ие, ұл ма қыз ба?

- Қыз!

-Ауруханаға  бара жатырмыз жатуға.

Жанында тек оққағарлары болған президент  бүгін өзімен бірге Астана әкімі Әсет Исекешовті де ертпеген. Ал "ЭКСПО" қарсаңында алқам-салқамы шыққан Елорданың келбеті үшін сөз естіген қала басшысы дереу іске кірісіп кетті. Исекешов қазір Елбасы талап еткендей таңғы алтыда тұрып, құрылыс алаңдарын аралап, күл-қоқыс төгетіндермен күресіп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде