Денсаулық сақтау министрі Бозайғырда адамдардың улануына қатысты түсініктеме берді
Ақмола облысындағы ауылда 150 тұрғынның жаппай улануына су тасқыны себеп болған. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексерудің алдын ала қорытындысы осындай.
Автор: Азамат Алдоңғаров
25.04.2017
Яғни көктемгі тасқын кезінде лас су тұрғындар ішіп отырған құдыққа қосылған. Оны тұтынғандар бірінін соң бірі іштері өтіп, медициналық көмекке жүгініпті. Дегенмен, жағдай тұрақталды деп сендірді шенеуніктер. Ауыз су құбырлары мен құдықтар түгел тазартылып, дизенфекцияланыпты. Денсаулығы сыр беріп, дәрігердің алдына келгендер де сап тиылған. Ал халыққа судың ластанғанын дереу хабарламаған жергілікті биліктің кінәсі дейді Денсаулық сақтау министрі.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Жергілікті Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті қажетті жұмыстарды жүргізді. Ақпараттың халыққа жетуі басқа мәселе. Оған ауыл әкімі тікелей жауапты. Әр ауланы аралап жүретіндей көп қызметкеріміз жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!