{metadescription}
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның беті қайтар емес
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның беті қайтар емес

Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның беті қайтар емес

Арнасынан асқан Есіл өзені енді Петропавл маңындағы ауылдарға жайылып жатыр. 4 бірдей елді-мекенде 200-ден аса үй белуардан су астында тұр. Мыңға жуық адам мал-мүлкімен қауіпсіз жерге шығарылған. Үй-жайын тастамаймын деп, шатырға шығып алған тұрғындар да бар. Оларға мамандар қауіптің әлі сейілмегенін айтып әлек. Өйткені, Есілдің суы алдағы бір-екі күнде тағы көтерілуі мүмкін.

Төлеген Шегеров бүгін түнде уақытша қосында түнеп шыққандардың бірі. Оның үйін бір түнде су басып қалған. Мұнда Төлеген сияқты 24 адам бар. Бәрі түнде топан судан қашқандар. Үй-жайдан айырылығандар, жатын жері мен үш мезгіл тамақтың табылып тұрғанына шүкір дейді.

Төлеген Шегеров, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Ұйықтап жатқанмын. Түнде тұрсам, су тізеден келіп қапты. Киім кешегімді де алып үлгерместен терезені ашып, көмек сұрадым. Құтқарушылар келіп, қайықпен осы жерге әкелді. Құжат, дүние-мүлік бәрі үйімде малмандай су болып жатыр.

Қала іргесіндегі «Былғары зауыт» ықшамауданының орталық көшесімен қазір тек қайықпен жүруге болады. Жұрт осылай, су басқан үйлеріндегі дүние-мүлкін тексеріп келіп жүр. Ал жиған-тергенін қимағандар тіпті шатырға шығып алған. Есіл жағалауын бекіту жұмыстары дұрыс атқарылмай, 30 жыл болмаған сұмдыққа жол берілген дейді тұрғындар.

Эвакуация жұмыстарын тәртіп сақшылары мен әскерилер де жұмылдырылған. Олар күні-түні су басқан аймақтан жұртты мал-мүлкімен бірге көшіріп жатыр. Ал ернеуінен асқан Есіл өзенінің жағалауына техника күндіз-түні құм төсеп жүр.

Ерік Сарыбаев, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Әскери бөлімнің 60 жеке құрамы мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылып отыр.Алматы қаласынан, Астанадан  құтқарушылар келіп көмектесіп  жатыр. 

Су басқан аймақта жүрген атқамінерлер халықты барлық шығындарыңды толық мөлшерде өтеп береміз деп жұбатуда. Ресми түрде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қаржы жағынан қысылу  болмайды дейді олар.

Әдетте ең кең жері 50 метр болатын Есілдің қазір кей тұстары  9 шақырымға дейін жайылыпты. Мамандар мұндай тасқынға жердің әлі тоңнан жібімегендігі де себеп болды деп отыр. Қазір облыс бойынша  екі жүзге жуық үй су астында қалған. Есілдің ернеуі бүгін түнде тағы көтерілуі мүмкін. Ендеше су басатын үйлердің саны одан сайын артады деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде