{metadescription}
Маңғыстауда өлген итбалықтар өртелді
Маңғыстауда өлген итбалықтар өртелді

Маңғыстауда өлген итбалықтар өртелді

Маңғыстау облысында бүгін қырылған итбалықтардың өлексесі өртелді. Жағаға шығып қалған өлексенің бірнешеуі арнайы сараптамаға жіберілген. Өйткені, мамандар теңіз жануарларына не жұт келгенін тіпті болжай да алмай отыр. Сондықтан сараптама нәтижесін күтуден басқа амал жоқ. Еске салсақ, Каспий жағасынан кеше 250-дей итбалықтың өлексесі табылған болатын.

Итбалық өлекселерінің теңіз жағасына шыға бастағанына осымен екінші апта. Алдымен инспекторлар Форт-Шевченко қаласынан 8 сүтқоректінің өлігін тапқан. Кеше Каспий жағасы өлекселерге тіпті толып қалды. Он шақырымға созылған жағалауда қырылған итбалықтардан тазартуға коммуналдық қызметтерге дейін тартылған. Ал теңіз толқынымен сүтқоректілердің өлексесі жағалауға әлі шығып жатыр.

Темірбек Асауов, Түпқараған ауданының әкімі:

-Таңертеңнен түске дейін байқалған жоқ. Жаңа  тағы екі итбалықтың өлексесі шықт . Соны утилизация жасаймыз.

Табылған 250-ге тарта сүтқоркетінің нақты неден өлгені әзірге белгісіз. Экологтар судан, топырақ пен аудан сынама алып тексеріпті. Дегенмен, әзірге жалпылама болжамнан басқа нәтиже жоқ.

Бауыржан Әмірбеков, Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы:

-Бұл өлекселердің көп уақыт суда жатқаны көрініп тұр. Іріңдеп шіріп кеткен.

Сондықтан, сараптама жүргізу үшін өңірге ғылыми зерттеу институттарынан арнайы мамандар шақыртылды. Олар бүгіннен бастап экологиялық қатер төнген аумақта кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде