{metadescription}
Алматыда өтемақыға көңілі толмаған жұрт шу шығарды
Алматыда өтемақыға көңілі толмаған жұрт шу шығарды

Алматыда өтемақыға көңілі толмаған жұрт шу шығарды

Алматыда тұрғындар мемлекет үйімізді болмашы ақшаға бағалап, тартып ала ма деп алаңдап отыр. Себебі, олардың баспанасы жаңадан салынып, келесі жылы пайдалануға берілуі тиіс көпірдің орнында орналасқан.  Енді құрылыс уақытылы жүру үшін мұндағы 70-ке жуық жер үй жыл соңына дейін сүрілуі керек екен. Бірақ халық бұған жол бермейміз дейді. Өйткені биліктің баспананы сатып алу үшін ұсынған ақшасы нарықтағыдан үш есе аз көрінеді.

Алматыдағы көпір жырының басталғанына жарты жылға жуықтаған. Жетісу ауданының тұрғындары Фурманов және Жансүгіров көшелерін қосу үшін үлкен көпір салынады дегенде-ақ қауіптеніп еді. Бекер емес екен. Енді, міне, баспаналарыңды босат деген қағаз толассыз келіп жатыр.

Надежда Буряченко , Алматы қаласының тұрғыны:

-Бір айдан соң шығыңдар деп жатыр. Үйімізді алады екен неге орнына басқа үй бермейді? Менің 5 сотық жеріме 12 млн теңге берем дейді. Мен қайда баруым керек? Оған не алам. Бізді неге ойламайды?

Дәл осындай талапты 300-ден астам баспананың тұрғындары қойып отыр. Соның бірі – Шолпан Шалғынбаева. Жалғыз басты ана 20 жыл базарда сауда жасап, тірнектеп ақша жиып, қала орталығынан үй алған. Енді сол баспанасы үшін сарапшылар ұсынған бағамен келіскісі жоқ.

Шолпан Шалғынбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-50 млн тұрады. Тәуелсіз сарапшы шақырдық. 42 млн теңге деп бағалады. Ал  үкімет 18 млн теңге береміз деп отыр. Мен үш баламды, екі немеремді алып қайда барам?

Жылдың басында жер басқармасы мен сарапшылар бұл маңдағы үйлердің бағасын шығарған. Бірақ тұрғындар нарызылық білдірген соң оның қорытындысын жойып, екінші рет сол жұмысты жүргізеді. Алайда оның нәтижесі әлі шыққан жоқ. Ал жер мамандары  үйлерді нарықтағыдан 2-3 есе арзан етіп бағалаған біз емес, жеке сарапшылар деп өздеріне шаң жуытпай отыр.

Ерлан Жармұханбетов, Алматы қаласы жер басқармасының бөлім басшысы:

-Бағаны басқаша етіп ұсынамыз. Екінші бағалаудың нәтижесі  дайын болған соң. Қазір тапсырыс көп болған соң олар үлгермей жатыр.

Бір шешімге келе алмаған тараптардың текетіресі енді сенбі күні аудандық әкімдікте жалғаспақ. Бірақ ол жерде де қандай да бір өзгеріс болатынына тұрғындар күмәнмен қарайды.

Бұл жолы үйлердің қалай бағаланғаны енді мамырдағы демалыстардан кейін белгілі болады. Бірақ оның нәтижесін күтіп қол қусырып отқан ешкім жоқ. Түйесін алып, орнына ешкі беріп кете ме деп алаңдап отырған тұрғындар өз қаржыларына адвокат жалдап соттасуға дайындалып жатыр. Ал биліктегілер көпірдің құрылысын тоқтатпай, керісінше үдетіп барады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде