Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті
Кәсіпкерлерге қысым жасауды доғару керек. Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен барған Елбасы күнгейлік шенеуніктерге осындай ескерту жасады. Өйткені, кәсібін дөңгелеткісі келетіндерді аяқтан шалатын атқамінерлер көп дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Автор: Бек Әбиев
27.04.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Тексеруді тоқтатыңдар, бастарын қатырмаңдар. Жер телімін алу үшін тентіретуді қойыңдар. Жер учаскесін бөлу, жалға беру, мерзімін ұзарту, пайдалану мақсатын өзгерту, рұқсат алу, құжаттары ұзақ уақыт қаралады облыста. Осыған көңіл бөлу керек.
Оңтүстік Қазақстанның мемлекеттен ең көп дотация алатын өңірдің бірі екенін айтқан Елбасы бюджетке қарап қол жая бермеуге кеңес берді. Өндіріс орындары көптеп ашылса да, күнгейде жұмыссыздар саны артыпты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Назарбаев Түркістан, Отырар және Сайрам секілді тарихи аймақтарға туристер тартуды тапсырды. Шымкентте «Қазақ еліне мың алғыс» монументі мен облыстық «Қазақстан халқы ассамблеясы үйінің» ашылуына қатысқан Елбасы, сондай-ақ, Сайрам ауданындағы жаңа технологиялармен өсіріліп жатқан алма бағында да болып қайтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!