{metadescription}
Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу себебі сол күйі жұмбақ болып қалуы мүмкін
Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу себебі сол күйі жұмбақ болып қалуы мүмкін

Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу себебі сол күйі жұмбақ болып қалуы мүмкін

Өйткені, жергілікті билік зерттеу жұмыстары үшін бар-жоғы 6 өлексе қалдырыпты. Ал, экологиялық апат орнына келген ғылымдар үшін бұл тым аз. Қалған 240-тан аса өлексені мұндағылар кеше өртеп жіберген болатын.

Айдын Қадырманов, Микробиология және вирусология институтының маманы:

-Олар өлекселерді тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өртедік деп түсіндірді. Ал, біз 6 итбалықты қарап, не айта аламыз?! Әрі жануарлардың түрлі себеппен қырылған болуы мүмкін.

Өлекселер көптеп табылған Форт-Шевченко қаласына бүгін 2 ғылыми топ келген. Олар алдымен жағалауды, артынша қырылған теңіз жануарларын қарап шықты. Бірақ, бұл апат себебін анықтауға көмектескен жоқ. Есесіне, оны жергілікті шенділер білетін сыңайлы. Олар 250 теңіз жануары кәріліктен өлген деп топшылапты. Расымен, сараптамаға қалдырылған 6 итбалық та тым кәрі екен. Әрі зерттей қоятындай өлексесі бүтін емес, әбден шіріп бұзылып кеткен. Жергілікті билік ғалымдарға әдейі осылай тек кәрілерін қалдырды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Қазір мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы осы жағдай бойынша іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде