{metadescription}
БҚО-да балықты қынадай қырған браконьерлер ұсталды
БҚО-да балықты қынадай қырған браконьерлер ұсталды

БҚО-да балықты қынадай қырған браконьерлер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулаушылар бірінен соң бірі ұсталуда! 1 айға жетпейтін уақыт ішінде су жәндігіне қырғидай тиген 18 браконьер тіркелген. Негізі қазір балықтардың уылдырық шашу кезеңі. Сондықтан суға қармақ салып, ау құруға қатаң тыйым салынады.

Талғат Ілиясов, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Заңсыз балық аулауға қатысты 18 заң бұзушылық әшкереленді. Оның 9 заң бұзушылығы өрескел заң бұзушылық болып табылады. Барлық өрескел заң бұзушылықтар қазіргі уақытта сот органдарына жолданды қаралуға.

Инспекторлар сол браконьерлер құрған 78 ау мен 1 тоннадан астам балық тәркілепті. Тірі балықтар бірден суға жіберіледі. Ал құрылған бірнеше метрлік ау өзен сағасын жауып тастайды екен. Сөйтіп, ол балықтардың уылдырық шашуына кедергі келтіреді. Сондықтан, қазір инспекторлар рейдке шыққан. Биыл олардың өзенді қадағалауы үшін алғаш рет тікұшақ пен ұшақ бөлініпті. Бірақ олар әлі дайын болмағандықтан, заң бұзушылар әзірге кеме, моторлы қайықпен ұсталуда. Айта кетсек, Жайық өзеніндегі тыйым маусымның 15-іне дейін созылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.