Жамбыл облысында контрабандамен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жамбыл облысында 60 млн. теңге пара алды деп айыпталған Мемлекеттік кіріс департаментінің алты қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Әу баста бұларға құны 6 млрд. теңгенің контрабандалық тауарын заңсыз шетел асырды деген кінә тағылған. Сотта қылмыстарының бәрі дәлелденді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.04.2017
Оқиға бір жарым жыл бұрын болған. Белгісіз бір азамат Қытайдан әкелінген 38 жүк көлігіне тиелген халық тұтынатын тауарға заңсыз құжат жасап, Ресейге асыруды жоспарлайды. Алайда бұл құйтырқы әрекет «Қарасу» бақылау бекетінде әшкереленген. Сөйтіп, осы дерекке қатысты іс қозғалып, көліктер жүгімен қоймаға әкетіледі. Бірақ істі қолға алған тергеушілер 60 млн теңге пара алып, тәркіленген тауарды иесіне қайтарып бере салған. Бұл қылмыстары артынша-ақ ашылып қалады. Енді өздері тиісті жазаларын алып отыр. Тергеу бөлімінің басшысы 13 жыл, екі тергеуші 12 жыл, тағы бір қызметкер 7 жыл арқаласа, екі өкіл екі жыл сегіз айдан шартты мерзімге сотталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!