{metadescription}
 Серік Ақылбай депутаттар тұратын  үйдің  алды заңсыз тұраққа айналғанын айтты
 Серік Ақылбай депутаттар тұратын  үйдің  алды заңсыз тұраққа айналғанын айтты

Серік Ақылбай депутаттар тұратын үйдің алды заңсыз тұраққа айналғанын айтты

Кептелістен құтқарар жол табылды! Бұл үшін Елорда тұрғындарының жұмысқа барар уақыты өзгергелі  жатыр. Астана әкімдігі осы арқылы қаладағы көлік кептелісін азайтпақшы.

Енді астаналықтар таңғы тоғызда бір мезетте жұмысқа бармайды. Кептеліс тудырмау үшін тұрғындардың уақыты кезең-кезеңге бөлінбек. Кестенің қалай боларын әкімдіктің әзірге өздері де білмейді. Көлік тығынын азайту үшін бұған дейін шенеуніктер оқушылардың сабағын таңертең 7-ден 40-кеткенде бастап көрген. Бірақ, бұл бастама сол күйі аяқсыз қалды. Жұмыс кестесін ауыстырудан бөлек, Астана әкімдігі қозғалысы көп Есілдің сол жағалауындағы Мәңгілік ел, Достық пен Қонаев көшелерінің қиылысында жол айрықтар салмақшы. Осыны естіген депутаттар  үйлерінің алды заңсыз автотұраққа айналғандықтан жұмысқа жету қиындап кетті деп өкпелерін айтты. Бір қызығы, олар тұратын "Нұрсая" кешені  Парламентке таяқ тастам жерде тұр.

Серік Ақылбай, Сенат депутаты:

-"Баяғы жартас сол жартас". Тіпті басқа жерді айтпағанда парламенттік тұратын үйімізге кіре алмаймыз. Машиналар қаптап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде