{metadescription}
Сенат сайлауына бюджеттен 92 миллион жұмсалмақ
Сенат сайлауына бюджеттен 92 миллион жұмсалмақ

Сенат сайлауына бюджеттен 92 миллион жұмсалмақ

Сенатордың орынтағынан дәмелі әр үміткер 17 миллион теңгесін жұмсауға дайын болуы тиіс. Ертең жоғары палатаға кандидатура ұсыну басталады.

Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлауалды науқанға жұмсайтын ақшасын санап шығарды. Үміткерге 4 миллион 891 мың теңгені өз қалтасынан және демеушілерден 12 миллион 229мың теңге жұмсауына рұқсат етіледі. Мемлекет бас аяғы 47 сенатордың сайлауына 92 млн теңге жұмсағалы отыр. Ал сенаторлардың 32-сін жергілікті мәслихаттар дауыс беріп таңдаса, он бесін президент тағайындайды. Сайлау 28-ші маусымға белгіленгенін айта кетейік.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

-28-ші мамырға дейін үміткерлер ұсынылады. 7-ші маусымға дейін тіркеу процедулары жүргізіледі. Және 8-27 маусым аралығында сайлауалды үгіт жүргізіледі. Сайлауалды үгіт, сенаторлар өңірлерден сайланатын болғандықтан негізгі ақпараттық шаралардың барлығы өңірлерде өтетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.