{metadescription}
 Қарағандыда тегін берілетін дәрі-дәрмек жетпей жатыр
 Қарағандыда тегін берілетін дәрі-дәрмек жетпей жатыр

Қарағандыда тегін берілетін дәрі-дәрмек жетпей жатыр

Әсіресе, бұл жүрегі ауыратындар мен диабетке шалдыққандарға қиын. Тегін дәрі тапшылығынан, жеке дәріханаларды жағалап, қалтаны қағуға тура келеді. Тек облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар ғана жайбарақат отыр. Жетіспеушілікті олар кейінгі кезде науқастар санының артқанымен және бағаның тұрақсыздығымен байланыстырды.

6 жылдан бері қант диабетімен ауыратын Александр Мейзерге қазір тегін берілетін дәрілерді алу мұң. Ай сайын емханаға дәрі алуға барғанда, олжамен оралуы екіталай. Керегі кейде ғана табылып, көп жағдайда құр қол қайтады. Ал рұқсат сұрап келмейтін дерт аяқ асты қысқанда, амалсыз өз ақшасына сатып алуға мәжбүр.

Александр Мейзер, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Күніне 2-3 түйірін ішуім керек. Үнемдеймін деп біреуін ғана ішем. Содан қант құрамы жиі көбейіп кетеді. Зейнетақымнан ақша артылса дәріханаға барамын. Болмаса, ахылеп-үхілеп жүріп, шыдауға тура келеді.

Мамандардың айтуынша, қант диабетіне шалдыққандарға инсулин түрлері жеткілікті. Жетпей жатқаны, қант құрамы қатты көтерілмеген науқастарға берілетін түйір дәрілер . Оның да өзінің адам басына шақталған мөлшері бар. Алайда науқастар көп жағдайда диета сақтамаудың салдарынан дәріні тегін берілетін мөлшерінен асыра пайдаланады екен.   

Альмира Рахымжанова, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрімен қамту бөлімінің басшысы: 

-Бұл адамның өзіне байланысты. Қант диабетінде ұстануы тиіс қатаң диета бұзылғандықтан, дәріні көп мөлшерде қолданады. Мәселен, екуедің орнына 6 түйірін ішеді. Оның үстіне жаңа науқастар да көптеп анықталып жатыр.

Сонымен қатар, уақыт санап дәрі-дәрмекке деген бағаның өсуі де, мәселені күрделендіріп отырғанын дәрігерлер жасырмайды. Сондықтан жақын арада дәрі-дәрмек сатып алу үшін тағы тендер жарияланбақ.

Бағаның өсуіне байланысты былтыр да жыл соңында дәрі жетпей тендер жүргізілген. Биыл Қарағанды облысына бөлінген 4 миллиард теңгенің де түбі көріне бастаған сияқты. Сондықтан жергілікті бюджеттен бұл мақсатта қосымша 800 миллион теңге бөлініпті. Бұл қаражат тегін үлестірілетін дәрімен қоса, жүрек талмасы барларға арналған қымбат препараттар алуға жұмсалады делініп отыр.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде