{metadescription}
Жеміс-жидек топырақсыз өсіріліп, глютенсіз азық-түлік шығарылады
Жеміс-жидек топырақсыз өсіріліп, глютенсіз азық-түлік шығарылады

Жеміс-жидек топырақсыз өсіріліп, глютенсіз азық-түлік шығарылады

Осы және өзге де жүзден астам стартап Алматыдағы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде таныстырылды. Инновация мен экологиялық тазалық басты назардағы шараға қолдау көрсеткен Тұңғыш президент қоры.

Қанат Жұмабаев, Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры:

 - Жәрмеңке биыл елімізде өтетін ЭКСПО-ға арналады. Оның тақырыбы «жасыл» экономикаға бағытталған. Таңдалған идеялар тек қағаз жүзінде қалып қоймай, жүзеге асырылуы қажет. Бұл елімізге пайдасын тигізуі тиіс.

Табиғатты сақтап, әлемді жақсартуды мақсат еткендер Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған. Олар экологиялық таза өндіріс түрлерін таныстыруда. Мысалы, эко-фермалар өндірісті қалдықсыз негізде жүргізіп, жеміс-жидекті жылдам өсіруге жол ашады. Экотуризм, шығармашылық пен спорт үйірмелерін қоса есептегенде жалпы саны 139 жоба ұсынылған. Олардың ішінен үздік 20-сы таңдалып, әрқайсысына миллионнан үш миллион теңгеге дейін қаржы берілді.

Рашида Шәйкенова, қазылар алқасының мүшесі:

-Жоба үздік деп танылып, оның пайда әкелетініне көз жеткен жағдайда қаржылай қолдау көрсетіледі.Экология дегенде тек қоршаған ортаның тазалығы емес, азық-түлік, жан мен тән тазалығына да назар аударылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.