{metadescription}
Павлодарда жергілікті кәсіпкердің көлігінен 9 миллион теңге жымқырған үш адам ұсталды
Павлодарда жергілікті кәсіпкердің көлігінен 9 миллион теңге жымқырған үш адам ұсталды

Павлодарда жергілікті кәсіпкердің көлігінен 9 миллион теңге жымқырған үш адам ұсталды

Қарақшылар бизнесменде мұнша ақша барын валюта айырбастаған кезде көріп қалған. Сөйтіп, соңынан аңдыған. Жолай кәсіпкер дәріханаға кіріп кеткенде, қарақшылар көп ойланбастан машинаның терезесін сындырып, ақша толы сөмкені ала қашыпты. Ұрланған соманың жартысын үйлеріне тыққан күдіктілер бұдан соң Астанаға жол тартқан. Оларды Шідерті ауылы маңында құрықтаған полицейлер көлік ішінен ақшаны тәркіледі. Ал тапа-тал түсте 9 миллион теңгесінен айырылып қалған бизнесменнің өзі бұл ақшаға облыс орталығынан пәтер сатып алмақшы болған екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде