{metadescription}
Маңғыстау облысында газ тапшылығын түсіндірген шенеуніктің жауабы  дауға ұласты
Маңғыстау облысында газ тапшылығын түсіндірген шенеуніктің жауабы  дауға ұласты

Маңғыстау облысында газ тапшылығын түсіндірген шенеуніктің жауабы дауға ұласты

Қымбат көлік мінген адамға қымбат отын не тұрады?! Маңғыстау облысында сұйытылған газдың тапшылығына қатысты мәселені түсіндірген шенеунік тұрғындарға осылай деп айтты. Ал көгілдір отынның жоқтығынан жұрт жолынан қалып жатыр. Сөйтсе, тапшылық өңірдегі жалғыз газ өңдеу зауытының жөндеу үшін жабылуына байланысты екен. Соның кесірінен, маңғыстаулықтар 2 мың тонна көгілдір отыннан қағылған.

Маңғыстаудағы сұйытылған газ тапшылығы көлік жүргізушілерін тағы тығырыққа тіреді. Жанармай құю бекеттерінде оның жетіспеушігі байқалады. Жүргізушілер сағаттап ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Ал таңертең жұмысқа кешікпегісі келгендер түннен бері осында жүр.

Нұргелді Шықманов, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Таңғы сағат төртте тұрып ұйқыдан, кезекке тұрамыз. Алдымда 4 машина қалған кезде газ бітті деді.

Талғат Мәмиев, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Газ көбейсе барлығымызға жақсы болар еді. Жұмыстан да қаламыз, газ құймасақ болмайды.

Бұл жолғы тапшылықты жергілікті билік өңірдегі жалғыз газ өңдеу зауытының жөндеу үшін жабылуымен байланыстырды. Кәсіпорындағы жұмыстар аяқталғанша маңғыстаулықтар 2 мың тонна газдан қағылады екен.

Венера Мұстафаева, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

-Зауыттың жағдайы мәз емес. Апат болса салдары әлдеқайда ауыр болмақ. Бір аптаның көлемінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Содан соң барлығы өз орнына келеді.

Облыстағы газ тапшылығын болдырмау үшін Ақтөбеден көгілдір отын сатып алынған. Оның бірінші легі Ақтаудағы жүз жекеменшік газ құю станцияларына жеткізілді. Бірақ бағасы 5 теңгеге қымбатырақ, яғни 40 теңгеден сатылуда. Ал мемлекеттік бекеттер бағаны өзгертпеген.

Венера Мұстафаева, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

-35 теңгеге автобустар мен қоғамдық көліктерге газ құйылуы керек. Ал кәсіпкерлер, қалталы азаматтар ақшасын үнемдеу үшін арзан газдың кезегінде тұрмаса екен. Себебі, қымбат джип мінген адам қымбат газ сатып алуға мүмкіндігі бар емес пе?

Жергілікті билік  енді мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлердің көгілдір отынның бағасын қолдан өсірмеуін қадағаламақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде