{metadescription}
Елімізде оқушыларға интернетке кіруге заңмен шектеу қойылуы мүмкін
Елімізде оқушыларға интернетке кіруге заңмен шектеу қойылуы мүмкін

Елімізде оқушыларға интернетке кіруге заңмен шектеу қойылуы мүмкін

Бүгін Мәжілісте балаларды қорғау туралы құжатты талқылаған депутаттар ұл-қыздарды осылайша сананы улайтын сайттар мен әлеуметтік желілерден біржола аластатпақшы.

Яғни, жасөспірімдерге әлеуметтік желіге, порнографиялық сайттарға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Ол үшін ұялы байланыс операторлары оқушыларға арналған интернет пакетін шығарғалы жатыр екен. Бірақ компьютер клубтары барын ескерсек, жеткіншектер шектеуді айналып өтері сөзсіз. Оның үстіне интернетті бақылау мүмкін еместігін шенеуніктердің өздері де мойындап отыр. Алайда, халық қалаулылары бір жолын табуды сұрап ұл-қыздарға психиканы бұзатын атыс-шабыс ойындарды да ойнатпау керек дейді.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

-Тосқауыл қоймай болмайды. Өйткені, watsapp немесе басқа желіде болып жатқан дүниені  баланың психикасы көтермейді. Оны тыңдап көрген соң баланың агрессиясы көтеріліп, әртүрлі экстремистік, террористік немесе баланың рухани болмысын астаң кестең ететін ақпараттан қорғауымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде