{metadescription}
Үкімет медициналық сақтандыру үшін 25 миллиард теңге қарыз алмақ
Үкімет медициналық сақтандыру үшін 25 миллиард теңге қарыз алмақ

Үкімет медициналық сақтандыру үшін 25 миллиард теңге қарыз алмақ

Үкімет тағы да қыруар қарыз алмақ. Бұл жолы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банктен 25 миллиард теңге несие алғалы жатыр. Ақшаға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық жүргіземіз дейді шенеуніктер. Министрліктегілер берешекті алу үшін Сенаттың келісімін алуға келген еді, депутаттардың көбі қарсылық білдірді.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:

-Кадрларды дайындауды бюджеттің қаржысының есебінен жүргізуге де болады. Әлде  қарыз алып істеу қажет пе? Неге қарыз алуымыз керек?

Дегенмен, сенаторлар кейін сабасына түсіп, несие алуға келісім берді. Сөйтіп, 25 миллиард теңге несие аурухана, емханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтуға, дәрігерлерді қайта оқытып, ауылдық жерлердегі ақ халаттылардың біліктілігін арттыруға жұмсалады екен. Денсаулық сақтау министрлігі жалпы еліміздегі медициналық қызметті жаңа жүйеге көшіру  үшін шетелдерден мамандар шақырмақ. Және медициналық жедел жәрдемнің сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Ал Дүниежүзілік банк қарызды 15 жылға, 3 жарым миллиард теңге үстемемен бермекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде