Астанада өртенген элиталық үйдің тұрғындарын полицейлер құтқарып қалды
Астананың қақ ортасында алапат өрт! Отқа оранған Есілдің сол жағалауындағы "Лазурный квартал" деп аталатын элиталық кешен. Әншейінде келіп болмайтын "101" қызметі 4 минутта жетіп, қызыл жалыннан адамдарды зорға алып шыққан.
Автор: Досжан Маратұлы
02.05.2017
Тілсіз жау тапа-тал түсте үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен тұтанған. Соның кесірінен 14 қабатты үйдің тұрғындарына далаға қашып шығуына тура келді. Бір айта кетерлігі түгі қалмай өртенген пәтердің астында балабақша орналасқан. Қайта ұл-қыздар дер кезінде тысқа шығарылды.
Ал үй ішінде жалғыз қалған мүгедек қариялар болыпты. Оларды құтқарушылар келмей тұрып, төтенше жағдай болған жерде кезекшілік етіп жүрген полицейлер көтеріп алып шықты.
Шәрипа Смаилова, Астана қаласының тұрғыны:
-Мені алтыншы қабаттан көтеріп түсірді. Әтпесе мен түсе алмаушы едім. Рахмет балаларға рахмет. Арқалап тұрып жерге түсірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!