{metadescription}
Алматы облысының тұрғындары тасқын зардабымен күресіп жатыр
Алматы облысының тұрғындары тасқын зардабымен күресіп жатыр

Алматы облысының тұрғындары тасқын зардабымен күресіп жатыр

Арнасынан асқан Қырғауылды өзені Алматының іргесіндегі 20 шақты үй тұрғындарын әлі де әлекке салуда. Ал құтқарушылар техникамен діттеген жеріне жете алатын емес. Өйткені, үйлер өзен аңғарына тым жақын әрі тығыз орналасқан.

Сарқырап жатқан мына өзен осыдан бірер күн бұрын кішкене ғана арық болатын. Енді толассыз жауыннан соң арнасынан асып, маңайдағылардың мазасын қашыруда. Тулаған өзен әуелгі қарқынынан бәсеңсімей, соның кесірінен аулалардағы көлшіктер азаймай жатыр.

Вера Родовая, саяжай тұрғыны:

-Сарайды, моншаны түгел су алып кетті. Тек іргетасы биік болғандықтан үйімізге су кірген жоқ. Кеше түстен кейін нөпір су құйылды да ауламыз көлге айналды. Шамамыз келгенше өзіміз тазартып жатырмыз.    

Осы төңіректе қуыс-қуысты қуалай ағып жататын бұл арық арнасынан тасыған Қырғауылды өзенінің суымен толысып кеткен. Ернеуі толған соң бір жерлерде тіпті бағытын өзгертіп, төңірекке жайылыпты.

-Қала іргесіндегі 20 шақты аула әлі де болса таудан аққан лай судың ортасында қалып отыр. Соңғы екі жылда қайталанған осындай тасқын кесірінен жұрт ауласында бақша, егін салудан қалған. Олардың ендігі үміті осы тасқын судың қарқынының біраз бәсеңдеуі. Үй-жайларын тек содан кейін ғана қалпына келтіре бастамақ.

Жергілікті құтқарушылардың айтуынша, Қырғауылды өзені әуелде секундына 2,8 текше метр су жіберіп тұрса, қазір қарқыны аздап төмендеген. Мамандар қазір өзен ағысын барынша қауіпсіз ету үшін арнайы жоба жасап, іске кірісіп те кетіпті.

Ерболат Иманқұлов, Қарасай аудандық ТЖБ бас маманы:

-Жағасын бекіту, түбін тереңдету жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Осы жылы бұл өзенде сол жұмыстар жүргізіледі.

Өткен аптада толассыз жауыннан Қырғауылды өзені тасып, Қарасай ауданында 150-ден астам ауланы су алған. Қазір су басқан сол 5 саяжайдың біреуінде ғана қауіпті жағдай сақталып тұр. Ол жерге құтқарушылардың арнайы техникасы өзен аңғарын тазалау және жағасын бекіту жұмыстарын жүргізуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде