{metadescription}
Үлкен даудан соң Азаматтық авиация комитетінің төрағасы отставкаға кетті
Үлкен даудан соң Азаматтық авиация комитетінің төрағасы отставкаға кетті

Үлкен даудан соң Азаматтық авиация комитетінің төрағасы отставкаға кетті

Бекен Сейдахметов жұмыстан шығару туралы өзі өтініш жасаған. Талайдан бері шендіге шаң жуытпай, қорғаштап жүрген Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек бұл жолы арызға қол қойып беріпті.

Осыған қарағанда, Сейдахметов еңбек кітапшасын бүлдіргісі келмей, ың-шыңсыз орынтағын босатқанды жөн санаса керек. Бірақ, өткен айда көлік прокуратурасы Инвестиция министріне қарамағындағы Азаматтық авиация комитеті төрағасының үстінен шағымданған еді. Яғни, прокурорлар Қасымбекке Сейдахметовтың біліктілігін, атқарып отырған қызметіне қаншалықты сай екенін тексеру туралы  ұсыныс жасаған. Себебі соңғы кезде елімізде ұшақтарға қатысты оқыс оқиғалар жиілеп кеткенін айта кетейік. Алайда министрлік Сейдахметовтың отставкасын прокуратураның тексерісімен байланыстырып отырған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде