{metadescription}
Жазасын ұзақ күткен Саят Шаяхметов ақыры бас бостандығынан айырылды
Жазасын ұзақ күткен Саят Шаяхметов ақыры бас бостандығынан айырылды

Жазасын ұзақ күткен Саят Шаяхметов ақыры бас бостандығынан айырылды

Астана соты Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасарына 7 жыл жаза кесті. Саят Шаяхметовке қатысты тергеудің бақандай төрт жылға созылғанын айта кетейік.   

Шенеуніктің өзі 2013-ші жылы ұсталған болатын. Екі жыл бұрын қайта тергеуге жіберілген іске бүгін нүкте қойып отыр. Шаяхметов бастапқыда үйқамақта отырды. Кейін қамауға алынып, соңғы кездері процеске  изолятордан қатынап жүрді. Бұрынғы вице-министрге «сыбайластарымен бірге Өскемендегі білім ордасының құрылысына деп бөлінген 1 жарым миллиард теңгені қолды қылды» деген айып тағылған. Білім министрлігіне қарасты Салынып жатқан нысандар дирекциясының экс-директоры Александр Пак та 7 жыл арқалады. Бірақ, екеуі де кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Ал құрылысқа жауапты болған тағы екі кәсіпкер әлі қашып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде