{metadescription}
Петропавлдық көпбалалы ана Кәмия Мұқашева тағы бір ұлын сотқа беріп, одан да алимент талап етті
Петропавлдық көпбалалы ана Кәмия Мұқашева тағы бір ұлын сотқа беріп, одан да алимент талап етті

Петропавлдық көпбалалы ана Кәмия Мұқашева тағы бір ұлын сотқа беріп, одан да алимент талап етті

Естеріңізге салсақ, кейуана осыдан үш айдай бұрын ортаншы ұлы Марбұланнан ай сайынғы 7 мың теңге алиментті өндіріп алған. Енді анасына қарамай кеткен үлкен ұлы Марлен де шешесіне ай сайын дәл осындай сомадан беріп тұратын болды.

73 жастағы Кәмия әжей түстен кейін болған сотқа бара алған жоқ. Айтуынша, ұлынан таяқ жеп, онсыз да дімкәс денсаулығы әлсіреп қалған. 

Кәмия Мұқашева, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Ойбай, мына жерде отырғам, алқымымнан алып, тұншықтырды. Үш күн тамақ іше алмай қалдым.

Үлкен ұл сотқа арыз бергенге ашуланып, осылай істеді дейді қария. Анасы тіпті полицияға хабарласып, көгерген денесіне сараптама жасатқан.

Кәмия Мұқашева, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Сонымен маған айтады, откажись заявление кері қайтарып ал, бізге тиіспе, дейді. Сосын мен Аллай, Аллаай деп зорға кеттім. Ойладым, жынданып кетем деп.

Ал сотқа келген ұлы Марлен, анама қол тигізген жоқпын, керісінше, «шешем маған жала жауып отыр» деп безілдеді. Айтуынша, ол дәл сол күні жұмыста болған. Мұны әріптестері айғақтай алады екен.

Марлен Мұқашев, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Ол біздің анамыз емес. Балаларының басын біріктірудің орнына арамызға іріткі салады. Бала кезімізде де қит етсе, бізді тастап, төркініне қашып кететін. Бізді әкеміз өсірді. Ана дейтіндей еш жылылық көрмей өстік. Тілі сала құлаш.

Талап арызға сай анасы ұлынан 22 мың теңге алимент сұраған екен. Алайда сот барысында тараптар ортақ мәмілеге келді. Аз уақытқа созылған сауда 7 мыңға келіп тірелді. 42 мың теңге жалақы алатын ұлы 70 мың теңге зейнетақысын жалғыз басына жеткізе алмай отырған шешесіне осы соманы ай сайын беріп тұруға келісті.

Осыдан үш жарым айдай бұрын бес баланың анасы Кәмия Мұқашева екінші ұлы Марбұланнан да дәл осындай көлемде алимент өнідіргенін айтқан едік. Алайда сот шешімі әлдеқашан күшіне енсе де, ол әлі анасына бір тиын да төлемепті. Кейуана енді оны сот орындаушылары арқылы өндіріп көрмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде