{metadescription}
Астаналықтардың жұмысқа қай уақытта баратындары белгілі болды
Астаналықтардың жұмысқа қай уақытта баратындары белгілі болды

Астаналықтардың жұмысқа қай уақытта баратындары белгілі болды

1-ші маусымнан бастап елорданың кей тұрғындарына жолға ертерек шығуларына тура келеді. Әкімдік өзгерісті өздерінен бастап отыр.

Жаңа кесте бойынша енді әкімдер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, сондай-ақ жекеменшік фирмалар жұмысына тоғыздан емес, жарты сағатқа ерте кіріседі. Студенттер керісінше, оқуларына ұйқыларын қандырып, таңғы сегіздің орнына, оннан барады. Бұл екі топтың кестесі бекітіліп қойды. Ал коммуналдық қызмет жұмысын әкімдік әдеттегіден бір жарым сағатқа ерте бастауды ұсынып отыр. Ол бекітілсе, полицейлер 8-де, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы таңғы 10-да басталуы мүмкін. Айта кетерлігі, елордалықтардың жаңа жұмыс кестесі ЭКСПО көрмесі аяқталған соң да өзгеріссіз қалмақ.

Бекмырза Игенбердиев, Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

-Жаңа жұмыс кестесі қала жолдарындағы көлік санын азайтып, қозғалысты жеңілдетеді. Танертеңгілік уақыттағы шамадан тыс көп машина жолдың да сапасына кесірін тигізеді. Өзгерістерден жол апаттары кеміп, ауа да да біршама тазарады деп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде