{metadescription}
Алматыда үй қабырғаларына есірткі сататындар хабарландырулар іліп кеткен
Алматыда үй қабырғаларына есірткі сататындар хабарландырулар іліп кеткен

Алматыда үй қабырғаларына есірткі сататындар хабарландырулар іліп кеткен

Алматыда есірткі сататындар өнімдерін ашық түрде жарнамалауға көшті. Олар үй қабырғаларына хабарландырулар жазып,  синтетикалық спайстарды еркін саудалап жатыр. Соның салдарынан соңғы кездері есірткінің заманауи түрінен зардап шеккендердің қатары күрт артып кеткен. Ең сорақысы, қақпанға түскендердің арасында мектеп жасындағы балалар көп. Бұның алдын алу үшін бірінші кезекте жарнаманың көзін жою керек деген белсенділер қала тұрғындарын бірлесіп күресуге шақырып отыр.

Сайт арқылы сауда жасап, астыртын әрекетке баратын есірткі сатушылар ашық шабуылға шықты. Олар еліміздегі ірі қалаларда синтетикалық өнімдерін өткізудің жаңа түріне көшкен.

-Бұндай жазбалаларды қаланың кез-келген бұрышынан кездестіруге болады. Бір қарағанда қарапайым жарнама деп ойларсыз. Бірақ олай емес.  Бұл есірткі саудалаушылардың мекен-жайы. Оларға біз де хабарласып, интернет арқылы синтетикалық спайсқа тапсырыс берген едік. Бірақ таусылып кетті деген жауап алдық.

Адам көп жүретін жерлерді шимайлап кеткен арам пиғылдылардың саудасы қызып тұрғанын аңғару қиын емес. Есіңді екеу ететін есірткінің бір грамы да қалмаған. Бағасы 10-15 мыңнан басталатын елірткіш затты түске дейін-ақ талап әкетіпті. Есесіне есірткіден емделетін орталықтарда орын жоқ.

Андрей Соболев, психиатр-нарколог:

-Соңғы кездері синтетикалық спайстан зардап шеккендердің қатары өте көбейіп кетті. Мектеп оқушылары түсіп жатыр. Қытайлар құрамы күрделі небір түрін шығаруда. Одан емделу қиын. Ұзақ уақыт керек. Спайсты қолданған адам жындыханадан бір-ақ шығады.

Бұл спайстың есірткіден әсері 5 есе күшті. Оны қолданған адам ақыл-есінен адасып, іс-әрекетіне жауап бере алмай қалады. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін ашық жарнамаға жол бермеу керек деген белсенділер есірген есірткі сатушылармен өздігінше күресті бастап кетті.

Ольга Арапова, қоғамдық қордың  директоры:

-Мен осындай жазбалардың өте көп жерде бар екенін байқадым. Кейін тексеріп көрдім. Синтетикалық есірткі сатады екен. Бірден бұларды өшіріп, құрту туралы ойға келдім. Шамамыз келгенше хабарландыруларды  боядық. Бірақ қоғам болып күреспесек бұларды жеңу қиын.

Белсенділердің жанайқайы биліктегілердің де құлағына жетті. Олар біз де әрекетсіз емеспіз дейді.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта Алматы қаласында орналасқан үйлердің қабырғаларындағы  жазбаларды жазуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша қажетті барлық іс-шаралар жүргізілуде. Көрсетілген интернет-ресурсқа қол жеткізу бұғатталды. Есірткі заттарын сату туралы жарнамаларды көрген азаматтардан оларды суретке түсіруіп алуын және полицияға хабарлауын сұраймыз.

Есірткі сатушыларды қолға түсіру қиын. Ғаламтор арқылы тапсырыс алып отырғандардың басшылары шетелде болуы да мүмкін. Ал қабырғаға есірткінің жарнамасын шимайлап, синтетикалық спайстардың саудасын қыздырып тұрғандардың ісімен енді құзырлы орган айналысады. Ұсталғандарың жазасы жеңіл болмасы анық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.