{metadescription}
Ақтөбеде сәбиін саудалаған әйел 7 жылға сотталды
Ақтөбеде сәбиін саудалаған әйел 7 жылға сотталды

Ақтөбеде сәбиін саудалаған әйел 7 жылға сотталды

Ақтөбеде жаңа туған сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған әйелге қатысты үкім шықты. Енді Жанна Ақаласова 7 жыл өмірін түрмеде өткізуі тиіс.

Нұрлыбек Омарханов, Ақтөбе қалалық ювеналдық сотының судьясы:

-Жанна Батырғалиевна Ақаласова қылмыстық кодекстің 105-бабының бірінші бөлігі, бірінші трармағында көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп танып, жеке меншігіндегі мүлкін тәркілеп, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Бөбекті бауырына басқысы келген әйел мен екі арада делдал болған сотталушының құрбысы да жазасыз қалмады. Бірақ баласынан безінген келіншекке қарағанда олар қамауға алынған жоқ. Сәбиді сатып алмақ болған 55 жастағы Дина Досақова 7 жыл шартты түрде жазасын өтейді. Ол 60 мың теңгені бергенін тергеу кезінде-ақ растаған еді. Қаншама жылдан бері екі келінінің бала көтере алмай, немереге зар болғанын айтып ақталды. Ал Ақаласованың құрбысы бөбекті жетімдер үйіне өткізгеннен гөрі, баласыз біреуге берген жөн деп ақыл айттым деп отыр. Дегенмен, ақшаны бөлісуге келгенде еш қымсынбапты. Енді осы қылмысы үшін ол да жеті жылға бас бостандыған айырылды. Бірақ кішкентай балаларының барын ескерген судья жазаны бес жылдан соң өтеуге шешім қабылдады. Ал саудаға түскен үш айлық сәби қазір жетімдер үйінде.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде