{metadescription}
ШҚО-да орманшыдан алданған жұрт шу шығарды
ШҚО-да орманшыдан алданған жұрт шу шығарды

ШҚО-да орманшыдан алданған жұрт шу шығарды

Шығыс Қазақстандағы Қарағайлы ауылының тұрғындары Бөкебай орман шаруашылығы мекемесі бас директорының қызметінен кетуін талап етті. Айтуларынша, Семей орманына қарасты филиалды 15 жылдан бері басқарып келе жатқан Сейілхан Кемпіров зейнеткерлерді алдап кетіпті. Отын жеткіземін деп әр үйден ақша жинаған ол содан бері төбе көрсетпеген. Оның үстіне жұрт директорды қоластындағыларды орманды заңсыз отауға жұмсайды деп айыптады.

Бас директордың сөзіне алданып қалдық деген жұрттың басым бөлігі өткен жылдың желтоқсан айында отын сатып алу үшін 15 мың теңгеден ақша берген екен. Оны орман қызыметкерлері зейнетақы алған сәтінде келіп жинаған. Осылайша қолда барын ұстатқан тұрғындар қыс бойы отын-суға жарымай бүрсеңдеп шықтық деп наразы.

Фариза Айтжанова, Қарағайлы ауылының тұрғыны:

-Солай екі тележкаға 30 мың теңге әкетті. Желтоқсан айында. Апрельде отын болмай жаңқа тердік. Ана немерем тақтай кесіп, әрең күн көрдік.

Дүрліккен жұрт Сейілхан Кемпіровтің қол астындағыларға орманды заңсыз отатқызатынын жайып салды. Оның үстіне қарамағындағыларды жеке жұмысына жегеді деп мұң шағады. Ал, айтқанына көніп, айдауына жүрмесең жұмысыңмен қош айтысуыңа тура келеді дейді олар.

Бауыржан Төлетайұлы, Қарағайлы ауылының тұрғыны:

-Директор бізге қайда барып арыздансандар да өздерің біліңдер, ешкімнен қорықпаймын деп отыр. Қай сот болса да жеңіп шығатынына нық сенімді. Осылай, бәріміздің көзімізше ашық айтты.

Жұрттың айтуынша, олардың келетінін сезгенБөкебай орман шаруашылығының бас директоры Сейілхан Кемпіров дәл жұмыс уақытында орнынан қашып кеткен сыңайлы. Ал, ондағы мамандар директордың Семейге іссапармен кеткенін айтып ақталды. Ал кабинетінде отырған директордың орынбасары қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Бүгінде бастықтан алданып, қысастық көрдік деген жұрт Бесқарағай аудандық прокуратурасына шағым түсірген. Тексеріс басталғалы Сейілхан Кемпіров жинаған ақшасын жұртқа қайтарып та жатыр екен. Бірақ тұрғындар бәрібір де орман шаруашылығы басшысының қызметтен кетуін талап етіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде