{metadescription}
Ақтөбеде облыстық әкімдіктен өтемақы ала алмай жүрген шаруалар наразылыққа шықты
Ақтөбеде облыстық әкімдіктен өтемақы ала алмай жүрген шаруалар наразылыққа шықты

Ақтөбеде облыстық әкімдіктен өтемақы ала алмай жүрген шаруалар наразылыққа шықты

Ақтөбеде облыстық әкімдіктен өтемақы ала алмай жүрген шаруалар наразылыққа шықты. Асыл тұқымды малды олар мемлекеттік бағдарлама бойынша несиеге сатып алған екен. Ал пайыздық үстеме ақысының жартысын қожалық иелеріне қайтарып беру жергілікті билікке жүктеліпті. Бірақ ақтөбелік шенеуніктер оған асығар емес. Шаруалардың осылай құр уәдемен сенделіп жүргеніне 2 жылдан асқан. 

Мемлекеттік бағдарлама бойынша мал басын көбейтуге қолдау көрсетіледі дегенде бөркін аспанған атып қуанғандардың бірі – осы Руслан Сүйінішәлин. Шаруа қожалығы бар ол дереу құжат әзірлеп, сол бағдарлама бойынша сауынды сиырлар алған. Қазір осы ісіне өзі күйініп отыр. Өйткені несие аларда пайыздық үстеме ақысын субсидия ретінде әкімдік қайтарады деп уәде етілген екен. Бірақ оның орындалмай жатқанына 2 жылдан асыпты.

Руслан Сүйінішәлин, шаруа қожалығының басшысы:  

-Субсидия жоқ. Дым да жоқ. Уже екі жыл болды. Не істейміз біз деген? Қазір 800 мың төлеуім керек. 12 майда 2 миллион ақша төлеуім керек. Бәрін забойға жіберем. Болды.  

Руслан секілді Ақтөбе облысында жүзден астам шаруа қорасын осылай асыл тұқымды малға толтырмақ болған. Бірақ қазір бәрі бірдей әкімдіктен ақша ала алмай, банкке қарыз болып қалыпты.

Айдос Қосшыұлы, шаруа қожалығының басшысы:

-Президенттің саясатымен беріп отырған бағдарламамен ауыл шаруашылығын көтер деп беріп отырғанның өзінде 14 пайызбен. Біз кімнің алдында алданып отырмыз? Кім біздің ақшамызды пайдаланып отыр?

Әкімдіктегілер әдетінше уәде беруден танбады. Қаржысын талап еткен шаруаларға бұл жолы да субсидияны ай соңында төлейміз деп отыр.

Құсайын Сәрсенбай, Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:  

-Май айынан бастап төлейміз деген жоспарымыз бар. Негізі ол сомма әр айға бөлініп қойған қаржыландыру жоспарына сәйкес. Бірақ біз ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жазып жатырмыз. Июнь, июль ақшасын бізге майға салып беріңіз деп. Берсе біз толайым төлейміз.

Асыл тұқымды мал сатып алуға қатысты бағдарламаны ауыл шаруашылығы министрлігі тікелей қадағалайды. Бірақ оны қаржыландыру жүйесі әу бастан дұрыс жөнге қойылмапты. Өйткені субсидияны қайтару аймақтағы әкімдіктегілерге жүктелгенімен, ақшаны өңірлерге бәрібір сол министрлік аударады екен. Сондықтан қос мекеменің арасындағы мұндай созбалаңнан шаруалардың қолына жәрдемақыларының қашан тиетіні белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде