{metadescription}
Шымкентте прокуратура алдында өзін өртеген кәсіпкер сотталуы мүмкін
Шымкентте прокуратура алдында өзін өртеген кәсіпкер сотталуы мүмкін

Шымкентте прокуратура алдында өзін өртеген кәсіпкер сотталуы мүмкін

Шымкентте облыстық прокуратура алдында өзін-өзіне от қойған кәсіпкердің ісі сотта қаралып жатыр. Әкімдік пен ішкі істер департаментіндегілердің әділетсіздігінен күйдім деген Нұркен Айнабековке тергеушілер, «алаяқтық», «жалған құжат жасау», «лауазымды тұлғаларға жала жабу» сынды 4 бірдей бап бойынша іс қозғаған.

Прокурорлардың алдында өзіне от қойған кәсіпкер көптің көзіне желтоқсаннан бері енді көрініп отыр. Денесінің 55 пайызы күйіп, 5 ай ауруханада жатыпты. 7 жыл бұрын әкімдіктің тапсырысымен Шымкентте аурухана салған кәсіпкер, шенеуніктер тиесілі ақшамды бермеді дейді. Аты аталғандардың арасында бұрын облыс әкімдігінің аппаратын басқарған, қазіргі мәжіліс депутаты Байділдә Жылқышиев секілді лауазымды тұлғалар да бар. Осы іске назар аудартам деп өртенген Айнабеков, енді жұмысының өтеуін қайтармақ түгілі өзі сотталып кетуі әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде