Астанада полицейлер тұрғындардың тіркеуде бар жоғын жаппай тексеруді бастады
Астанада уақытша тіркеусіз жүргендерге тықыр таяды! Мұнда полицейлер бүгіннен бастап тұрғындардың тіркеуде бар жоғын жаппай тексеруді бастады. Десе де, сақшылар әзірге айыппұл салмаймыз деп отыр. Заңды бұзғандарға алдымен ескерту жасалып, тіркеуге тұруға тағы бір ай уақыт беріледі. Ал, 30 күн ішінде тіркелмесе, 16 мың теңге айыппұл арқалайды. Бір айта кетерлігі, мұндай тексеру әзірге Елордада ғана жүргізіліп жатыр. Күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен полицейлер осылайша ЭКСПО көрмесіне дейін жұртты тіркеуге тұрғызбақшы.
Автор: Досжан Маратұлы
10.05.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары