Үкімет тозығы жеткен жолдарды қарыз алып жөндемек
Үкімет тозығы жеткен жолдарды да қарыз алып жөндемек. «Ақтөбе-Мақат» бағытындағы трассаны қайта қалпына келтіру үшін олар Азия даму банкінен 240 миллион доллар несие алмақшы.
Автор: Жәудір Оразхан
10.05.2017
Қарыз алуға рұқсат сұрай келген Инвестиция және даму министріне Мәжіліс депутаттары еш қарсылықсыз келісім берді. Үкімет оны 18 жылдан кейін қайтарып береуі тиіс. Ал бұл қаржыға 300 шақырым тас жол жаңадан төселеді, 11 көпір, 39 мал өткелі салынады екен. Жалпы, бұл бағыттың халықаралық сауда-саттықты дамыту үшін маңызы зор дейді министр. Себебі, «Ақтөбе-Мақат» «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізіне барып қосылады. Бұдан бөлек, Астана-Өскемен, Атырау арқылы Астраханға шығатын Астана-Ақтау, Жетібай-Жаңаөзен сынды 11 трасса жөндеуден өтеді. Шенеуніктер олардың реконструкциясына да халықаралық қаржы ұйымдарынан 1 миллиард 800 миллион доллар қарыз алмақ. Сондай-ақ, бюджеттен де ақша бөлінеді.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
-Бюджеттен басқа жолдарға бөліп жатырмыз. Мына жерде софинансирование деген бар. 13 пайзыды бюджеттен беріп жатырмыз. Қалған 87 пайызды екі банктен аламыз. Басқа жобадарды Астанадан Павлодарға баратын, Семейге тек ғана бюджететн қаржы бөлеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!