{metadescription}
Оралда құлағалы тұрған көпір жұрттың зәресін алды
Оралда құлағалы тұрған көпір жұрттың зәресін алды

Оралда құлағалы тұрған көпір жұрттың зәресін алды

Оралда опырылайын деп тұрған көпір жұрттың зәресін алды. Қаладағы негізгі «Депо» көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған соң жүргізушілер екіншісіне ағылған. Алайда оның жағдайы мәз емес.

Юрий Пантилеев, көлік жүргізушісі:

- «Омега» көпірінде жарықтар пайда болған. Осы күйінде тұра берсе, үлкен жүк көліктерін көтере алмай, қирауы мүмкін. Одан кейін қайтпекпіз?!

Екі көпір де тұрғындар тығыз орналасқан аймақты қала орталығымен байланыстырады. Ал «Омега» деп аталатын екінші көпір сонау 1965 жылдан бері ойықтардың жамалғаны болмаса, дені дұрыс жөндеу көрмепті. Қазір тақталары бір-бірінен ажырап, астыңғы тіреуіштері шытынап кеткен. «Депо» көпірі 2 жылға жабылғалы бері мұның үстімен өтетін көлік саны шамамен екі есеге артқан. Сондықтан, аяқ астынан қирап қалуы бек мүмкін дейді жүргізушілер. Бұл жағдайды шенеуніктер де мойындап отыр. Бірақ бірінші көпірдің құрылысы қызып жатқанда, екіншісіне қарайтын шама жоқ дейді.

Қайрат Мұхамбетқалиев, Орал қалалық Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы:

-Бірер күнде көпірді тексеріп шықтық. Бұзылған жерлері бар. Бірақ қаңқасы бүтін, дәл қазір қирайын деп тұрған жоқ. Яғни сызат түскен тұстары бар, соған байланысты шара қолданамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде