{metadescription}
Алматыда өгей ұлын өлтірген әйелдің ісіне қатысты сот басталды
Алматыда өгей ұлын өлтірген әйелдің ісіне қатысты сот басталды

Алматыда өгей ұлын өлтірген әйелдің ісіне қатысты сот басталды

Әкесінде кеткен кекті ұлын өлтіріп қайтармақ болғандар сот алдында жауап беріп жатыр. Бүгін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық соты Өркен Азаматұлын өлтірген 5 адамның ісін қарауды бастады. Айыпталушы орындығында марқұм жеткіншектің өгей шешесі, оның бірінші некеден туған ұл-қызы және екі сыбайласы отыр. Күйеуі мен енесінен өш алу үшін қанды қылмысты жоспарлаған адуынды әйле бұған тіпті өзінің ұл-қыздарын тартқан. Бірақ, бүгінгі сотта ол кінәсін толық мойындаған жоқ. 

Сот залына қаздай тізіліп кіргендердің барлығы жыл басында бүкіл елді дүрліктірген қылмыстың орындаушылары мен ұйымдастырушысы. 11 жасар Өркенді өлтіруді жоспарлаған осы - Шәрипа Ақбердиева. Жүзін жасыруға тырысқан бұл өгей шеше бұл қанды ісіне туған ұлы мен қызын да тартқан.

-Біліміңіз?

-Орта.

-Жұмыс істейсіз ба?

-Жоқ.

-Бұрын сотты болдыңыз ба?

-Жоқ.

-Мекен-жайыңыз тұрып жатқан?

-Нақты білмеймін.

Ал шешесінің тапсырмасын мүлткісіз орындаған 22 жастағы Темір Ақбердиев пен оның сыбайласы Қадыржан Гулямовтың көңіл-күйі көтеріңкі. Судьяның сұрағына жауап берудің орнына, езуін жия алмай отыр.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Өркеннің 37 жастағы өгей шешесі жұбайымен жанжалдасып, өшін баладан алған. Арам ойын іске асыру үшін Оңтүстік Қазақстан облысынан бірінші некеден туған ұл-қызын және бір туысын шақыртқан. Бұл үшеуі жеткіншекті алдап көлікке отырғызып, қала сыртындағы саяжайға апарады. 

-Өркен Азаматұлының мойын және ауыз тұсынан қысып, оған демалу мүмкіншілігін бермей, қолдарымен буындырған. Жәбірленуші өлі адамның белгілерін бермейінше жерге жатқызып, қылқындыруды тоқтатпаған. Өздерінің қылмыстық ойларын соңына дейін жеткізу мақсатында ас үйдегі қолданылатын пышақпен бірнеше соққылар жасаған.

Ал такси жүргізушісі қылмысты біле тұра хабарламаған. Сондықтан ол да сыбайлас ретінде жауап беріп жатыр. Бүгін сол айыпталушылардың адвокаттары «отбасының ішкі ісі» деп процестің жабық өтуін сұрады. Бір қызығы Өркеннің әкесі де тілшілердің кіруіне қарсы болды. Ашық сотты талап еткен тек марқұм жеткіншектің әжесі ғана. Өркен әке-шешесі ажырасқан соң осы әжесінің қолында өскенін айта кетейік.

Бағдагүл Есімбекова, Өркеннің әжесі:

-Мен жабық сотқа қарсымын. Жабық сот болмайды. Ашық сот болуы керек. Бұндай жауыздарды бүкіл Қазақстан білуі керек. ертең бұндай жауыздар басқа біреудің баласын өлтіруі мүмкін. Менің айтар сөзім осы. Өмір бақи түрмеге жабылсын деп тілеймін. Менің баламды қалай қинады, өздері 10-100 есе қиналсын. 

Айыпталушылардың барлығы да қылмыстарын ішінара мойындап отыр. Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс бойынша негізгі сот процесі келесі аптаға тағайындалды. Сол кезде куәгерлер мен ұйымдаса отырып қылмыс жасағандардың өздерінен жауап алынады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.