БЖЗҚ-ның экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың тағы бір былығы әшкере болды
Руслан Ерденаевтың ісіне қатысты жаңа дерек! Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорының бұрыңғы төрағасы салымшылардың ақшасын талан-таражға салып қана қоймай, орынбасары Дабыр Медетбековпен бірігіп, миллиондап пара да алған екен.
Автор: Досжан Маратұлы
10.05.2017
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауызбастырықтың не үшін және кімнен алынғанын әзірге айтпай отыр. Белгілісі, заңды белшеден басқан экс-төраға мен орынбасарына қатысты тағы бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жалпы, зейнетақы қоры ісіне қатысты тағы үш адамның шатылып жатқанын айта кетейік. Олар - қордың бұрыңғы басқарма басшысы Мұса Бахтов, «Бузгул Аурум» мен «АлатауМұнайАлтын» компанияларының экс-басшылары Азат Найзағарин мен Бақытжан Кенжебеков. Барлығы қордағы бақандай 5 миллиард теңгені өзара бөлісіп алды деп тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!