{metadescription}
Ақтөбеде түрмеден қашқандарды ұстаған майор медальмен марапатталды
Ақтөбеде түрмеден қашқандарды ұстаған майор медальмен марапатталды

Ақтөбеде түрмеден қашқандарды ұстаған майор медальмен марапатталды

Ақтөбеде қоныс колониясының қашқындарын ұстаған қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды. 34 жастағы әділет майоры Нұржан Жидехановтың кеудесіне «Ерлігі үшін» медалі тағылды.

Ол осыдан үш ай бұрын қашқындар мінген көлікке жармасып, қақаған аязды күні 10 шақырым бойы капоттан түспей жатып алған еді. Сөйтіп, майордың аяқ-қолы үсіп қалған. Тек тәртіп сақшылары көліктің жолын бөгеп, аман қалды. Ал екі қылмыскер жаза үстіне тағы да жаза арқалады. Нұржан Жидехановты әріптестері қазіргінің бандыны қуған Хамитына теңейді. Бірақ әзірге түрмедегі жұмысына бармаған. Өйткені үсік шалған бір қолы толық жазылмапты. Дегенмен, басшылары ерлігі үшін марапатталған майорды қызметке қайта шыққан күні-ақ мансабын өсіреміз деп уәде етіп отыр.

Нұржан Жидеханов, КА-168/3 түзеу мекемесінің қызметкері:

-Дәрігерлердің айтуы бойынша әзір ұзақ жазылады деп айтты. Әлі белгісіз қай уақытта жазылатыны. Несі ол адамның организіміне байланысты екен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде