{metadescription}
Атырауда баласымен бірге ұрлыққа түскен келіншек ұсталды
Атырауда баласымен бірге ұрлыққа түскен келіншек ұсталды

Атырауда баласымен бірге ұрлыққа түскен келіншек ұсталды

Баласы мен бауырын баукеспелікке баулыған! Атырауда 5 жасар баласын қасына ертіп, ұрлыққа түскен келіншек ұсталды. 27 жастағы әйел бұл іске бауырын да тартыпты.

Сөйтіп, тапа-тал түсте орталықта орналасқан зергерлік бұйымдар дүкеніне кірген үшеу миллионнан астам теңгенің алтындарын алып, тайып тұрған. Клиент кейпіндегі бұлар ешқандай күдік тудырмаса керек, сатушы өзгелерге алаңсыз қызмет көрсете беріпті. Соны пайдаланған әпкесі мен інісі ішінде неке сақиналары бар қораптардың бірін байқатпай сөмкеге салып аған. Ал дүкен иесі тауардың жетіспейтінін тек кешкілік байқап, полицияға хабарлапты. Көп ұзамай қолға түскен күдіктілер қазір тергеу абақтысында отыр. Ұрланған әшекейдің алдын ломбартқа өткізіп те үлгерген екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде