{metadescription}
Ақтөбеде заңсыз салынған дүкенді тұрғындар қирата жаздады
Ақтөбеде заңсыз салынған дүкенді тұрғындар қирата жаздады

Ақтөбеде заңсыз салынған дүкенді тұрғындар қирата жаздады

Ақтөбеде күн көзін көруден қалған көпқабатты үй тұрғындары Жоғарғы сот шешімінің орындалмай отырғанына наразы. Өйткені терезелерінің дәл түбінен салынған сауда орталығын сүріп тастауға жергілікті сот орындаушылары асығар емес. Бұған ашынған жұрт ғимаратты өзіміз қиратамыз деп бүгін күшке мінді.

-Өзіміз сындырып қиратамыз, ашпасаң.

Бұл үйдің төменгі төрт қабатында тұратындар  күндіз де пәтерлерінде жарық жағып отырады.  Өзбекстаннан келген кәсіпкердің кесірінен қараңғыда қалғандай күй кешіп отыр. Өйткені бизнесмен ешкімнен рұқсат алмастан үй іргесінен супермаркет салған. Тіпті қолында әкімдіктің берген құжаты да жоқ. Жұрт соттасып жүріп ғимараттың заңсыз салынғанын дәлелдегенімен, сол шешім де орындалар емес. Сот орындаушылары кәсіпкерді таба алмай жүрміз деп сылтау айтады екен. Тұрғындар болса мұны өтірік деп отыр.

Нұрбибі Байтас, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Сендер кішкентай ғана адамсыңдар. Мұның жоғарғысында көкелері тұр. Солардың заты. Ештеңе істей алмайсыңдар деп еді. Шынында да көкелердің заты шығар. Ештеңе істей алмай отырмыз ғой. Енді Жоғарғы соттың шешімі орындалмағаннан кейін кімге баратынымызды білмейміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде