{metadescription}
Алматыда отызға жуық үй топырақтың астында қалуы мүмкін
Алматыда отызға жуық үй топырақтың астында қалуы мүмкін

Алматыда отызға жуық үй топырақтың астында қалуы мүмкін

Алматыда отызға жуық үйге топырақ көшкінінде қалу қаупі төніп тұр. Бұл баспаналар Медеу және Жетісу аудандарының түйіскен жерінде орналасқан. Мұндағы тұрғындар жауын жауса құжатын жинап қашуға дайындалады. Бұл жағдайдан қала басшылығы хабардар. Бірақ үйлердің орналасқан жерін дұрыстауға ақша жоқ дейді.

-Мына терек кішкене қорғап тұр бізді. Баларым немерелерім түсіп кетпесін деп жауып қойдық.

Мира Тілегенованың осы жерде тұрып жатқанына жиырма жыл болған. Былтырдан бері тыныш ұйқыдан айырылыпты. Үйлеріне жақын орналасқан жар опырылып, бала-шағаның аулада жүруіне қауіп төнген.

Мира Тілегенова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бүгін таңертең жаңбыр жауды. Біз жауын жауған сайын үйіміз кетіп қалама деп қайта-қайта келіп қарап тұрамыз. Мен 5 баланың анасымын мысалы. Жұмысқа шығайын десем қорқам. Не істейсің енді. Жасаймыз жасаймыз дейді.

Жаңбыр жаумаса екен деп тілеп, жанын шүберекке түйіп отырған үйлердің саны отызға жуық. Мұндағы кей баспаналардың жарға жақын орналасқаны сонша, ара қашықтық бір метрге де жетпейді. Және ол уақыт өткен сайын қысқарып барады. Қауіп төбедегі және төмендегі үйлерге бірдей төніп тұр. 

Жардың үстіндегі үйлер құласа етектегі баспаналарды түгел басып қалады. Өткен жылы көктемгі жауында топырақ көшіп, бірнеше үйдің қора-жайын бірге ағызып әкеткен екен. Қайда адамдардың бәрі қашып үлгерген. Содан бері тұрғындардың көмек сұрап бармаған жері қалмапты. 

Татьяна Рафиева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Төтенше жағдай қызметкерлері келіп жаңбыр жауса құжаттарыңды жинап туыстарыңа барыңдар дейді. Бар жасаған көмектері сол. Төрт-бес баламен қайда барамыз? Біздің үймен бірге опырылып қалғанымызды күтіп отыр ма?

Медеу ауданы тұрғындарын ашындыратын  тағы бір жәйт, өзеннің арғы бетіндегі Жетісу ауданында топырақ көшуінің алдын алу үшін біраз жұмыстар жүргізілген. Бірақ оның өзі жартысына кеп тоқтап қалыпты. Ал бергі беттегі халықтың жанайқайына құлақ асып жатқандар байқалмайды.

Ұлан Абдулдаев, Медеу ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы

-Бұл жерде былтыр да осындай оқиғалар орын алған. Биыл да көктемде жаңбыр жауып жарлар құлап жатыр. Тиісті мамандар халықтың бәрін ескертіп, қағаздарын таратқан. Бұл жерге қаражат бөлу қажеттігі туындап тұр.

Қауіптің алдын алу үшін билік тарапынан жасалған ең үлкен жұмыс –комиссия құрылған. Бірақ екі жылдан бері бұл топ халыққа ертең жаңбыр жауады, қашыңдар дегеннен басқа ешқандай көмек көрсетпепті. Әлі күнге дейін жөндеу жұмыстарына қанша қаражат керек екені де анықталмаған. Ал тұрғындардың әзірге көшкен топырақтың орнын өз бетінше толтырып, күн бұлттанса туған туысын паналай тұрудан басқа амалы жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде