{metadescription}
Жамбылды шегіртке жайпап жатыр
Жамбылды шегіртке жайпап жатыр

Жамбылды шегіртке жайпап жатыр

Жамбыл облысының шаруалары биыл да еңбек еш кете ме деп алаңдаулы. Өйткені, өңірге шегірткеден едәуір қауіп төніп тұр. Күн санап көбейіп жатқан зиянкестер әлден-ақ 63 мың гектар алқапты жаулап үлгерген. Жайылымды жаппай отап келе жатқан зиянкестер, егістік алқапатарына да жақын қалған. Бұған алаңдаған жұрт атқамінерлерден шегірткемен күресті мықтап қолға алуды талап етуде. Әйтпесе, дәнді дақыл былай тұрсын, мал да азықсыз қалатын түрі бар.  

Байзақ ауданында дәл мұнша шегіртке бұрын-соңды болмаған дейді шаруалар. Биыл пайда болған зиянкестер демде көбейіп кеткен. Қазір зиянкестер жолдағыны түгел жайпап келеді. Енді бұқара мал азығынсыз қаламыз ба деп алаңдаулы.

Руслан Ермаханбет, шаруа қожалығының басшысы:

-Мұндай бәлені көрген емеспіз шыны керек. Биыл екінші жыл болады ғой қатарынан. Былтыр да жоғарыдағы ағаларымызға айттық. Ешқандай нәтиже болмады. Мынандай болып жалғаса беретін болса білмеймін мен.

Жұрттың дүрлігуі негізсіз емес. Былтыр қаптаған зиянкестер жайылым мен егістік алқаптарының басым бөлігін отап тастаған. Сөйтіп, шаруалар қыруар шығынға батып әрі мал азығын таппай қыста қиналған еді. Биыл да сол жағдай қайталатын сыңайлы. Өйткені, шегірткенің тірілгеніне екі аптаға жуықтаса да, олармен күрес жұмыстары әлі күнге қолға алынбаған.   

Қанат Пірімқұлов, шаруа қожалығының басшысы:

-Өткенде бір келіп кетті шегіртке шықпай тұрған кезде. Телефондарын тастап, шегіртке шыққан кезде хабарын бересіздер ғой деп еді. Қойшы жігіттер телефонға звондап неғып жатыр. Ешқандай көмек жоқ. 

Биыл шегірткенің мароккалық түрі ерекше көбейген. Зиянкестер өткен жылы өңірдегі 8 мың гектар алқапты жайласа, биыл 63 мың гектарға тарап үлгеріпті. Негізі, әр сегіз күнде бір жасқа толатын шегірткені 2-3 апталық кезінде құрту қажет екен.   

Нұрби Жігітеков, ҚР АШМ Жамбыл облыстық мемлекеттік инспекциясының басшысы:

-Біз қазір үшінші жасқа дейін жойып жіберуіміз керек. Үшінші жастан кейін ары қарай 4-5 жас құрамына барса қанаттанады да ұшады. Соған дейін біз химиялық өңдеу жұмыстарын бітіруіміз керек. Оған біздің уақытымыз кеп тұр.Жоспар бойынша істеп жатырмыз.

Алайда шаруалар қаптаған шегірткені жою мүмкін еместігін айтуда. Себебі, тиісті орындар зиянкестерді өлтіру жұмысына кеш кіріскендіктен, уақыт өткізіп алды дейді. Қазір ең қауіпті саналатын марокко шегірткесі 7 ауданда тіркелген. Әсіресе, Жамбыл, Байзақ, Талас аудандарында жағдай күрделі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде