Бейіт басында әйелдерді тонаған қасқөйдің тағы бірнеше былығы ашылды
Алматы зиратына барғандарға шабуыл жасаған қаскөйдің өзге де құрбандары бар болып шықты! 51 жастағы ер адам бірер күн бұрын бейітке келген 2 әйелге пышақ кезеп, бағалы заттарын тонап кеткен болатын. Сөйтсе, арам пиғылын бейіт басында жасап жүрген қаскөйден зардап шеккендер көп екен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
11.05.2017
Мұның бәрі Рысқұлов даңғылы бойындағы зиратта болған. Қаскөй осында келген әйелдерді пышақпен қорқытып, ұялы телефон мен ақшасын тартып алыпты. Бірақ тәртіп сақшылары оны көп ұзамай ұстады. Күдікті бұған дейін бірнеше рет істі болып, 20 жылын түрмеде өткізген. Айта кетсек, бұл зиратта өткен айда да осындай бірнеше қылмыс болған. Сол кезде зардап шеккендер де пышақ кезеген осы адам екенін растап отыр. Бірақ мұнда қайта-қайта келіп жүрген қаскөйді қызметкерлер мен күзетшілердің ешқайсысы байқамаған. Қазір күдікті қамалғанымен, шошынып қалған жәбірленушілер бет-жүзін әлі көрсеткісі келмеді.
-Ол мені өлтіргісі келді. Бар мақсаты тонау емес еді. Кәдімгі қанпезер сияқты. Өйткені мені ұрып-соғып, көзімді құртуға тырысты. Дауысымды маңайдағылар естімегенде, өлтіріп кетуші еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!