Елімізде ұлттық компаниялардың сатылымға шығатын уақыты белгілі болды
«ЭйрАстана», «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазАтомӨнеркәсіптің» сатылымға шығатын уақыты белгілі болды. Ұлттық компаниялар 2019 жылы толық жеке меншіктің қолына өтуі тиіс. Бұл жайынды еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Мекемелердің акциясы IPO арқылы аукционға шығарылады. Яғни, еліміздегі ең ірі әуе, мұнай, уран компанияларының құнды қағаздарын кез-келген адамның сатып алуына болады. Алайда, әзірге акциялардың бағасы белгісіз. Сондай-ақ, Үкімет 2020 жылға дейін «Қазақстан Темір Жолы», «Самұрық-Энерго» мен «Қазпоштаны» да жеке меншікке бермек.
Автор: Жәудір Оразхан
11.05.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!