{metadescription}
Сауд Арабиясында қайтыс болған отандасымыз Мәдинада жерленді
Сауд Арабиясында қайтыс болған отандасымыз Мәдинада жерленді

Сауд Арабиясында қайтыс болған отандасымыз Мәдинада жерленді

Сауд Арабиясында отандасымыз қайтыс болды. Мәдина қаласындағы Құран оқу орталығында тәлім алып жүрген  7 жасар Ахмет Тошбиков үшінші қабаттағы баспалдақтан құлаған.

Жантүршігерлік оқиға медресе ішіндегі камераға түсіп қалыпты. Мұнда баспалдақтың ұстайтын жерімен сырғанап түспекші болған шәкірттің ары қарай ауып кетіп құлағаны анық көрінеді. Ал, осы кезде өзге оқушылармен сөйлесіп тұрған ұстаз Ахметті көрмей қалған. Айта кетерлігі, Сауд Арабиясында білім алып жатқан марқұмның әке-шешесі де 6 жылдан бері сонда тұрады екен. Сондықтан көз жұмған отандасымыз консулдықтың көмегімен Мәдинада жер қойынына тапсырылған.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

-Консулдыққа тапсырған арызда баланың әкесі видеода баланың құлағанын өз көзімен көргенін айтқан. Ешкім оны итерместен құлағанын растады.  Сондықтан әкесі балаға қатысты ешкімге наразылықты білдірмеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде