Елімізде пітір садақаның көлемі 300 теңге болып бекітілді
Нарықтағы жағдай пітір садақаның көлеміне де әсер етті! Биыл ол еліміз бойынша адам басына 300 теңге болып бекітілген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.05.2017
Бұған дейін ол 200 теңгеден аспаған еді. Мүфтиат бұған еліміздегі қымбатшылық себеп болғанын айтады. Өйткені пітір садақаны бекіткенде әр облыстағы бидай құны ескерілген. Айта кетсек, мұсылмандар үшін міндетті садақаны тек ақшалай емес, бидай, арпа, құрма, мейіз арқылы да беруге болады. Оны қасиетті рамазан басталған күннен ораза айт намазына дейінгі уақыт аралығында төлеу қажет. Естеріңізге салсақ, биыл мұсылмандар 27-ші мамырдан бастап ауыз бекітеді.
Ағабек Қонарбайұлы, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы баспасөз бөлімінің меңгерушісі:
-Қазір өздеріңіз білесіздер, барлық жерде азық-түлік бағалары қымбаттап жатыр, қызмет түрлері де қымбаттап жатыр. Соған сай, бидайдың бағасы, құрманың бағасы да өсіп жатыр. Сөйтіп, ортақ бағадан келіп біз 300 теңгені бекіттік. Егер құрма, мейізбен беретін болсаңыз, оның бағасы тіптен жоғары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!