{metadescription}
Күнгей жұртын теріскейге жаппай көшіру жалғасуда
Күнгей жұртын теріскейге жаппай көшіру жалғасуда

Күнгей жұртын теріскейге жаппай көшіру жалғасуда

Күнгей жұртын теріскейге жаппай көшіру жалғасуда! Солтүстік Қазақстан облысына жуырда тағы бір топ адам қоныс аударған. Ал былтыр мұнда квота бойынша 600-ге тарта оңтүстік тұрғыны келген екен. Бірақ кейбірі келген жеріне кері қайтып кетіпті. Қазір қоныс тойын тойлап жатқандар да дүние-мүлкін толығымен көшіруге асықпай отыр.

Жаңа үйге кіріп, қуанышы қойнына сыймай жүргендердің бірі –

Кәрім Керімқұлов. Ол 10 күн бұрын оңтүстіктегі үйін тастап, отбасымен бірге еліміздің солтүстігіне көшіп келген. Енді оның мұнда 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі баспанасы бар.

-Бізді қонақжай, жақсы күтіп алды. Жай берді. Берген жайына рахмет. Біз көшеде қалған жоқпыз.

Көші-қон бағдарламасымен қоныс аударған жұртқа мемлекет барлық жағдайды жасаған. Олардың әрқайсысына 79 мың теңге жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, жыл бойы әр отбасыға коммуналдық төлем үшін 40 мың теңге қарастырылған. Оңтүстікте екі қолға бір күрек таппағандар осында жұмысқа орналасып жатыр.

Досәлі Есбатыров:

-Көкөністің түрлі-түрлі сорттарын алып келгенбіз өзімізбен. Бізде сәбіз бар, қияр, қызанақ, сосын аскөк.  Соларды көшетке өндіріп жатырмыз стакандарды. Ертең 5-6 күнде сыртқа апарып егуге болады.

Айта кетсек, бұл азаматтар  Петропавлдан 160 шақырым жерде орналасқан Советское ауылына көшіп келіп отыр. Кезінде мұнда 4 мыңнан астам адам тұрған екен. Қазір олардың саны екі есе аз. Ал халқы тығыз орналасқан оңтүстіктен солтүстік өңірге былтырдың өзінде 600 адам келген. Бірақ, 12 отбасы келген жолымен кері қайтып кетіпті. Дегенмен, жыл соңына дейін квотамен Солтүстік Қазақстан облысына тағы 110 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда.

Ерлан Әубәкіров, Мағжан Жұмабаев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
-Оңтүстіктің қысы ылғалды. Ал бізде құрғақ. Сондықтан, 40 градус суықтың өзіне шыдап жатыр. Былтыр тұрғындар жақсы қыстап шықты.

Айта кетсек, бұл көш халықты біркелкі жайғастырып, еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін өңірге тұрғындарды қоныстандыру үшін басталған. Бірақ, жұрт қалаға көшіп бара алмайды. Бағдарлама тек ауылдық жерлерге орналасуға мүмкіндік береді. Олардың арасында қаладан 300-400 шақырым қашықтықта тұрған елді мекендер бар. Содан болса керек, жаңа көшіп келгендер дүние-мүлкін толығымен көшіруге асықпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде